Жер бетін өзгертетін сыртқы күштер

Home » Рефераттар » Жер бетін өзгертетін сыртқы күштер
Рефераттар Комментариев нет

Сыртқы күштер таулар мен қыраттарды үздіксіз бұзып, тасымалданған жыныстар мен ойыстарды толты-рып, тегістейді. Антропоген кезеңінде Қазақстанның биік таулы аймақтары бірнеше рет мұз басуларға ұшырады. Ол мұздар өте қалың және биік таулардың қазіргі жер бедерінің қалыптасуында әсері зор болды. Мұз басудың қалдырған іздері қарлар, астау тәрізді аңғарлар, мореналық төбелер, т.б. биік таулардың кез келген жерлерінде байқалады. Антропоген кезеңінің ортасында климаттың ылғалды болуынан өзендер суы молайып, эрозиялық әрекеті күшейіп жер беті тілімдене бастады. Қазақстанның жер бедерін қалыптастыруда ішкі күштер ішіндегі бастысы — ағын су әрекеті. Су тасқыны аңғарларды бұзып, бұзылғаннан пайда болған жыныстарды төмен қарай ағызып, ойпаң жерлерге жинайды.

Сондай-ақ Республикада жел әрекеті де едәуір. Жел құмды ұшырып, жыртылған егістіктегі топыраңты суырып, шаңды дауыл көтереді. Күн энергиясының әсерінен магмалық жыныстар бүлінеді де оның сынықтары төмен түсіп өзендерге, көлдерге, теңіздерге шығарылып, шөгінді жыныстар мен минералдар түзеді. Құрлықты жаңбырдың, өзендердің, теңіздердің сулары шайып өтіп отырады.Олардың әрекетінен кішкене жыра үлкен жыраға айналады. Жыра әдетте, қыраттардың өсімдігінен айырылған жалаң беткейлерін су жырғанда пайда болады. Ол шаруашылыққа үлкен зиян келтіреді; тарамданып өсе берсе егістіктің, бау-бақшаның орнын тілімдеп бүлдіреді. Жолды, үйлерді бұзады. Сондықтан жыраның пайда болуына және ұлғаюына күрес жүргізіледі. Оның өсуін тоқтату үшін ұсақ қиыршық тас, көң, қоқыс төсейді, түбіне шым тастап, бұта ағаш отырғызады.

Толқындар теңіз жағалауларын бүлдіреді. Температураның ауытқынан және басқа да күштерден жер бетінде жарықтар пайда болады. Жер бедерін көп бұлдіретін — жер қағу мен өзен эрозиясы. Жер бетін өзгертуде Жер бетін өзгертуде адам әрекеті де айтарлықтай орын алады. Адам өзендерді бөгеп, су қоймаларын жасайды, жер қойнауын кеулеп, түрлі пайдалы қазбалар өндіреді, жер суару үшін каналдар қазады. Осының бәрі жер бетінің табиғи қалпын бұзады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.