Жер бетінің бедері

Главная » Рефераттар » Жер бетінің бедері

Материктің және мұхиттың жер қыртысының бедері алуан түрлі. Бірақ материкте да мұхит түбінен де олардың негізгі екі түрін — таулар мен ұлан байтақ жазық кеңістіктерін байқауға болады. Осы жазыңтың үстінде төбелер мен ңырңалар ретсіз бытырап жатады. Қатты тау жыныстарынан тұратындыңтан төбелері үшкір келеді. Ондай төбені «шоңы» деп атайды. Шоңы маңайынан 15-20 метрден 50-80 метрге дейін жоғары шығып түрады. Олар өте берік тау жынысы -граниттен тұрады. Гранит жартас үгілгенде дулыға киген жауынгерлердің басы, ертедегі жалмауыз кемпір, әр түрлі жабайы аңдар тағы басңаларды елестететін ңызыңты пішінге айнала түседі. Еліміздің бүкіл оңтүстігін жазық шөл алып жатыр. Мұнда құм төбелер жиі кездеседі. Жазықтар адамның шаруашылық әрекеті үшін өте қолайлы. Жер бетінің ңатты тілімденген және жазықтан биік болып түрған бөліктері таулар деп аталады. Таудың табаны, беткейлері, шыңы болады. Таулар көбіне тау жоталарын түзеді. Жотаның ең биік бөлігі оның қырқасы. Тауларда бірнеше жота болады. Жоталар параллель немесе әртүрлі орналасады. Таудың ең биік бөлігін шың деп атайды. Шыңдар сүйір немесе түйетайлы жайпақ болуы мүмкін. Гималай тауындағы ең биік Эверест шыңы 8000 м-ден астам, Хантәңірі шыңы 6995 метр. Таулар жүздеген және мыңдаған км-ге созылып, көлемді аумақты алып жатады. Құрлықтағы ең ұзын тау Анд таулары Оңтүстік Америкада орналасқан.

Тауларды абсолют биіктігіне қарай былай бөлуге болады: аласа таулар — биіктігі 1000 м-ге дейін, орташ атаулар — 1000-2000 м, биік таулар — 2000 м-ден астам. Биік таулардың басын қар мен мұздықтар басып жатады. Қазіргі кезде биік таулы аймақтарда жер бедерін түзуші факторлардың бірі — мұздықтар. Олардың еруінен, жаңбырдан, тау басындағы көлдердің деңгейі көтеріліп төмен қарай құлауынан өзендер арнасынан асып, сел тасқындары пайда болады. Ол жолдағы борпылдақ шөгінділерді ысырып ңатты жыныстарды тас-талқан етіп ағызып кетеді. Селдің халың шаруашылығына келтіретін зияны орасан зор. 1966 жылы Алматы қаласын сел апатынан қорғау үшін Медеу шатқалында, дүниежүзінде тұңғыш рет тауды бағыттап ңопару әдісімен әйгілі Медеу бөгені салынды. Биік таулар республикамыздың шығысын оңтүстік шығысын және оңтүстігін алып жатыр. Олар — Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань. Тау демалу және қыдырып тынығу үшін таптырмайтын орын. Таза ауа мен көрікті көріністер көп адамды қызықтырады. Сарыарқадағы Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы және басқа шипажайлар мен демалыс үйлеріне жазда да, қыста да демалушылар мыңдап ағылып жатады.

Биік таулар республикамыздың шығысын оңтүстік шығысын және оңтүстігін алып жатыр. Олар — Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань. Тау демалу және қыдырып тынығу үшін таптырмайтын орын. Таза ауа мен көрікті көріністер көп адамды қызықтырады. Сарыарқадағы Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы және басқа шипажайлар мен демалыс үйлеріне жазда да, қыста да демалушылар мыңдап ағылып жатады. Минералдар — бұл табиғи химиялық реакциялар нәтижесінде жер қыртысында түзілетін химиялың қосылыстар. Көптеген жағдайларда минералдар Жердің тау жыныстарының әр түрлі үйлестіктерін құрайды. Мысалы: гранит өзара механикалың байланыстағы жөне кейде айңын ажыратуға болатын үш минералдан — квартцтан, дала шпатынан және слюдадан құралған. Тау жыныстары тұтасымен бір минералдан ғана құралуы да мүмкін, мысалы, тас тұзы кенінің ңалыңдығы кейде 30 метрге дейін жетеді де, бірнеше км -ге созылып жатады. Минерал-элементтер. Бүларға таза көміртегінен (С) тұратын — алмас және гранит, табиғи күкірт (S) және саф металдар — платина (Рt), алтын (Аи), күміс (Аg), мыс (Си) минералдары жатады. Алтын — химиялық түрақты металл, ежелден безендіру ретінде пайдаланылып келеді.

Минерал-қышқылдар. Минерал қышқылдарға темір мен алюминий кендерінің дерлік барлығы және су жа-тады. Кремний тотығы тау, су тасы кристалы мен желісін түзетін кварц және жаппай таралған құм мен құм тас формасында кездеседі. Кварц гранит құрамына енеді. Күкірт минералдар — түсті металдардың негізгі кені. Мысты колчедан немесе халькопирит, қорғасын жылтыры -галенит (PbS), қалайы алдамшасы — сфалерит, сынап рудасы -киноварь. Минерал-галоидтар. Химиялық қүрылысы бойынша бұлар НСІ, HF қышңылдарының тұздары. Адам және жануарлар тіршілігі үшін маңызды минералдар — ас тұзы немесе тас тұз, NaCL тұзы. Жер тыңайтатын калий тыңайтқыштарының бірі — калий тұзы KCL болып табылады. Минералдарды техникада және тұрмыста пайдаланады. Барлық металдар кені мен суда еритін минералдардың, тіршілікке аса қажетті ас тұзының және топырақ тыңайту үшін қолданылатын калий, фосфор, азот, тұздарының маңызы зор. Пайдалы қазбалар органикалық жөне бейорганикалық заттардан пайда болады. Халық шаруашылығында олар табиғи немесе өңделген (теміркені) күйінде пайдалануы Мүмкін. Олар сұйық, қатты, газ тәріздес болып келеді. Пайдалы қазбалардың негізгі үш тобы бар:
1. Кенді пайдалы қазбалар (темір, мыс, қорғасын, алтын);
2. Жаңғыш пайдалы ңазбалар (көмір, мұнай, газ);
3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар (фосфорит, мөрмәр, әктас, тұз)
Пайдалы қазбалар жердің әр қабатында әр түрлі тереңдіктерде болады. Осыған байланысты олардың кендерін шахталар мен кеніштерден немесе ашық тәсілмен карьерлерден өндіреді. Саз және құм. Табиғатта құм жиі кездеседі. Ол сары, ақ, көкшіл басқа түсте де болады. Құм тайызда жатады, сондықтан оны ашық әдіспен өндіреді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.