Жер қыртысының үстіңгі бетін өзгертетін ішкі процестер

Home » Рефераттар » Жер қыртысының үстіңгі бетін өзгертетін ішкі процестер
Рефераттар Комментариев нет

Өзендердің биік құлама жоталарында, таулардың тік беткейлерінде және адамның қолымен қазылған қазан шұңқырларында тау жыныстарының әртүрлі орналасатыны көзге түседі. Тау жыныстарының қабаттары көлденең, көлбеу, қатпарлы орналасуы мүмкін. Жер қыртысы үнемі қозғалыста болады. Бір жерлерде ол жарылып жарықтар түзсе, екінші жерлерде жыныстардың көлденең орналасқан ңабаттары қатпарларға соғылады. Қозғалыстар тербелмелі, толқын тәрізді бір көтеріліп, бір түседі. Мысалы, Скандинавия түбегінің жағасы жылына 1 см көтеріледі. Ал Солтүстік теңіздің оңтүстік жағасы жылына 3 мм төмендейді. Тербелмелі қозғалыстар нәтижесінде құрлықтар мен теңіздер алып жатқан жерлер қайта өзгеріп отырған. Осы өзгеріске байланысты климат та өзгереді. Ол не теңіздік, не континенттік болады. Климат өзгерісі органикалың дүние мен топырақ қалпына да әсерін тигізеді. Жер қыртыеының иілу процесі созылумен аса қабаттасып келеді. Ал: кейде бұзылып отырады да одан опырықтар пайда болады. Опырықтарда дөңес жерлер немесе опырылмалы ойыс пайда болады. Жер бетіндегі таулардың көпшілігі Жер қыртысының кей жерлерінде қалыңдығы 12-18 км-ге дейін болатын шөгінді жыныстардан жинаңталған ңалың қабаттармен қоса, созылып жатқан теңіз-ойпаңдарында тау жасалу қозғалыстар нәтижесінде пайда болған. Көлденең орналасқан қабаттар тау жасалу кезінде қатпарларға ауысады.

Қатпарлы зоналар жер қыртысындағы тербелмелі қозғалыстардың шапшаңдығымен сипатталады. Тік бағытта шапшаң қозғала алатын, қабаттары өте қалың болатын, вулкан әрекеті қызу дамитын белдік формасында созылып жатқан жер қыртысының қозғалғыш бөлігі геосинклиналь деп аталады. Жер сілкіну төменнен және жан-жағынан әрекеттен сілкіну әсерінен пайда болған жер қыртысыңың шапшаң қозғалысы. Жер сілкіну төменнен болса, сілкініс болған жердің үстіндегі заттар астаң-кестен болады. Ал сілкініс қиғаш соққан кезде олар көлденең бағытта жылжиды. Сілкіну бірнеше секундтарға созылады, бірақ олар бірінің артынан бірі бірнеше жылдар бойы жүруі мүмкін. Мысалы; Алматыдағы 1887 жылы басталған жер сілкіну 3 жылға созылды. Жер сілкіну көбіне таулы аймаңтарда және жер қыртысының 10-20 км тереңдігінде болады. Қазақстанда Оңтүстікте, ал Дүниежүзінде Орта Азияда, Қиыр Шығыста, Закавказияда, Оңтүстік Америкада жиі болйды. Дүниежүзінің өр түрлі елдеріндегі арнаулы станцияларда жер қыртысының «Мінез-құлқына» бақылаулар жүргізіледі. Жер қыртысының қозғалысын сезгіш аспаптар — сейсмографтар жазып отырады. «Сейсмо» -грек тілінен аударғанда жер сілкіну, «графо» -жазамын деген мағынаны білдіреді. Сейсмолог ғалымдар жер сілкінісінің күшін өлшеу үшін 1 баллдан 12 баллға дейінгі шкал а құрастырады. 1-2 балдың әл сіз жер сіл кінуді адам сезбейді, 5-6 баллдың жер сілкіну кезінде үйлерге жеңіл желпі зақым келеді, топыраңта аздаған сызаттар пайда болады. 9 балдың жер сілкіну үйлерді ңиратып, топырақта ені ондаған см-ге жететін жарық сызаттар түсіреді, таулар опырылып құлайды. Ең күшті жер сіл кіну 11-12 балл болады. Ол апатты жер сілкіну, онда жер бетіндегінің бөрі дерлік қирайды. Жер сілкіну материктетарда да, мұхиттарда да болып тұрады.

Жер сілкіну жиі болып тұратын аудандарда зілзалаға төзімді ерекше үйлер тұрғызады. Мұндай үйлер 9-10 балдың жер сілкінуге шыдамды келеді.
Мұхит түбінің сілкінуінен толқындар — цунами пайда болады. Олар орасан зор қалаларды бірнеше секунд ішінде тас-талқан етіп жібереді. Цунами сағатына 400-800 км жылдамдықпен таралады. Толқынның биіктігі 30 метрге дейін барады. Жер сілкінгенде жер ішіндегі қабаттар ауысады да, жанартау (вулкан) өрекеті пайда болады.

Жанартаудың пішіні конус тәрізді. Тереңде орналасқан магма жер қыртысында пайда болған сызаттар арқылы жоғары қарай зор қысыммен атқылайды, жер бетіне төгілуі мүмкін. Магманың жоғары көтерілетін өзегі жанартаудың көмейі деп аталады. Көмей кратермен аяқталады. Газдар мен су буы, жанартау тозаңдары, орасан зор күл және тас бұлттары, магма су кратері арқылы жер бетіне шығады. Жер бетіне шығып төгілген магма лава деп аталады. Лаваның екі түрі болады. Қышқыл лавалар (құрамында кремий тотығы көп) тұтқыр, олар сағатына бес км қозғалады, ондағы газдар бөлінуі қиын болғандықтан қопарылыс жасап атқылайды. Негізгі лавалар сұйық, олар сағатына 20-30 км жылдамдықпен қозғалады. Жанартау атңылаған кезде жер астынан гуіл естіледі. Кейде жер сілкініп, жаңбыр жауады. Жанартаудан шыққан күл атмосфераға ұшып барып оны бұлыңғырландырып күн радиациясын бәсеңдетеді, жердің бедерін өзгертеді.

Атқылаудың екі түрі бар — сызатты және орталық. Негізгі лаваның сызатты атқылаулары ылғи тасқындап құйылады, мұндай атқылаулар Сібірде, Үндістанда, Америкада байқалған. Қазіргі уақытта сызатты атқылаулар Исландияда болады. Атқылап тұратын жанартаулар 600-ге жуық, сөнгендері — одан әлдеқайда көп. Вулканды жерлер жер сілкіну аймақтарына дөп келеді. Мұның өзі бұл құбылыстардың өзара байланыстылығын дәлелдейді. Жер қыртысы қабаттарының сызаттарын бойлай көтерілген лавадан жанартаулардың атқылауы пайда болады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.