Жердегі жануарлар тіршілігі мен олардың таралуы

Главная » Рефераттар » Жердегі жануарлар тіршілігі мен олардың таралуы

«Құрлық» деп аталатын биоайналымда мекендеушілердің тіршілік етуі алдыңғы айтылып өткендерден ерекшеленеді. Құрлықта тіршілік ету ортасының барлық факторларының кең өзгертулері теңіз немесе тұщы сулардағы тіршілікке қарағанда көбірек байқалады. Климат ерекше мағынаға ие болады жəне ең алдымен оның құрастырушыларының бірі – ауа ылғалдылығы өте маңызды, себебі ол құрлық фаунасының қалыптасуына ықпалын тигізеді. Жер бетіндегі жануарлардың тіршілік етуі жəне таралуының ең басты факторлары ішінде ылғалдылықпен қатар, температура жəне ауа қозғалысы, күннің сəулесі, өсімдіктер жамылғысы да маңызды орын алады. Басқа биоайналымдарына қарағанда жер бетіндегі жануарлар үшін азық қорының рөлі аса мəнді, ал тіршілік ортасы химизмінің практикалық мағынасы болмайды, егер жергілікті жердегі өнеркəсіптік қалдықтардың ауаға лақтырылуын ескермесек, жер бетіндегі атмосфера барлық жерде бірдей. Өнеркəсіптік қалдықтардың ауаға лақтырылуы жайлы жекелей айтып өтеміз. Ауа ылғалдылығы жер аймақтарының түрлі аудандарында əртүрлі болып келеді. Ауа ылғалдылығының өзгерісі жануарларға түрліше əсер етеді. Тіршілік етулері ылғалдылыққа тəуелді емес кейбір организмдерді есепке алмағанда, басқа жануарларды ылғалсүйгіш – гигрофилді, құрғақтықты сүйгіштерді – ксерофилді деп бөлуге болады. Ауаның жəне топырақ ылғалдылығы жауын-шашын мөлшерінен тəуелді болады. Сондықтан, жауын-шашынның тірі организмдер үшін ықпалы зор. Сонымен қатар, жауын-шашынның мөлшері дербес фактор болып саналады. Себебі жауын-шашынның түрлері айқын рөл атқарады, мысалы, қар, жауын, нөсер түрлерінің əрқайсысының өзіндік орындары бар. Дəл осылайшы, қар жамылғы түрлері жануарлардың таралуына көп шек қояды жəне ондай жерде азық табу да қиынға соғады. Мысалы, шошақты/кекілді/ бозторғайдың таралуының аудан шекаралары қыстыгүні қысқа қыс жəне қар жамылғысына қатысты солтүстікке қарай кездеспейді. Басқа жағынан алғанда, омбы қар жануарлардың кейбір түрлері (сібір леммингі жəне басқа ұсақтары) үшін қыстап шығуға жəне қыс мерзімінде тіпті көбеюге септеседі. Қар үңгірлерінде жəне тоннельдерде нерпа суықтан жəне оның жауы – ақ аюларда жасырынады. Мұхитқа қарағанда температура жер бетін мекендеушілердің тіршілігінде анағұрлым үлкен рөл атқарады. Оның себебі жер бетіндегі температураның құбылмалы ауытқуларымен түсіндіріледі. Температура – климаттық жағдайлардың негізгі көрсеткіші. Ол басқа факторларға (ылғалдылық, жауын-шашынға) қарағанда көбіне жер бетін көрнекті түрде көрсетеді. Демек, шілде айының орташа температурасы жаз, қаңтар айының орташа температурасы қыс мезгілдеріне сипаттайды. Теңізбен салыстырғанда организмдерге температура əсері құрлықта басқа климаттық факторларға қарағанда көп болатынын еске түсіреміз. Жануарлардың əрбір түрі өзіне ең қолайлы температураның меншікті диапозонын қалайды, сондықтан сол температура түрлердің температуралық оптимумы деп аталады. Əр текті түрлер үшін температура диапозондарының айырмашылығы көп. Егер температуралық оптимумның шектік мəндерінің аралығы үлкен болса, онда ол жануарлар түрі эвритермді деп саналады. Егер температуралық оптимумның шектік мəндерінің аралығы аз болса жəне оның өзгерісі тіршілік əрекетін бұзуға əкелсе, онда ол жануарлар түрі сенотермді деп саналады. Теңіздегілермен салыстырғанда құрлық жануарлардың көбісі эвритермді. Сол эвритермді түрлердің көп бөлігі біркелкі қоңыржай климаттық аймақтарды қоныстайды. Стенотермді жануарлар арасында термофильді немесе политермді (жылусүйгіш) жəне термофобты немесе олиготермді (суықсүйгіш) түрлер кездеседі. Суықсүйгіш жануарларға ақ аю, мускусты қойөгіз, Vitrina текті моллюскілер, тундраның жəне таулардың альпілік белдеулеріндегі көптеген шыбын-шіркейлер жатады. Жалпы алғанда суықсүйгіш жануарлар саны салыстырмалы түрде өте аз, себебі салқын аймақтардың фаунасы басқаларына қарағанда анағұрлым жұпыны келеді. Стенотермдік жылусүйгіш түрлер көбірек. Саны жағынан көбірек кездесетін жер тропиктарының фаунасы тек жылусүйгіш түрлерден ғана түзіледі. Оларға түрлердің толық класы, топтары, тұқымдары кіреді. Стенотермдік жылу сүйгіш типті жануарларға шаяндар, термиттер, рептилиялар, құстардың ішінде – тотылар, тукандар, колибрилер, сүт қоректі жануарлардың ішінде – керіктер, адамтəріздес маймылдар жəне көптеген басқалар жатады. Сонымен қатар, құрлықта эвритермді түрлер бар. Олардың санының біршама болуына жердегі температураның құбылмалығы септеседі. Эвритермді жануарларға көптеген түрлене алатын жəндіктер жатады, олардың ішінде Bufo bufo сұр құрбақасы, ал сүт қоректі жануарлардан – түлкі, қасқыр, пума жəне т.б. бар. Температура өзгерісіне шыдамды жануарлар стенотермді түрлерге қарағанда анағұрлым кеңірек таралған. Эвритермді түрлердің ареалдары оңтүстіктен солтүстікке созылған бірнеше климаттық аймақтардан құралады. Мысалы, сұр құрбақаны алсақ, оның ареалы Солтүстік Африкадан Швецияға дейін кеңістікті қоныстайды. Тіршілік ортасы үшін айтылған факторлардан басқа да тағы бір маңызды рөлді жарық атқарады. Бірақтан, өсімдіктерге қарағанда жануарлар жарықтан аса тəуелді емес. Ол тəуелділік əйткенмен бар. Ол күндіз жəне түнде тіршілік ететін түрлер үшін маңызды. Мұнда жарықтылық емес, жарықтың өзі көп рөл атқарады. Тропикалық белдікте жарықтың тұрақты болуына байланысты, ол қоңыржай белдіктерде ерекше мағынаға ие болады, себебі қоңыржай белдікте күннің ұзақтығы жыл мезгілдеріне сай келеді. Ұзын полярлық күндерде (ұзақтығы оның бірнеше апта) ғана шеткері солтүстіктегі жыл құстары балапандарын шығарып жəне оларды азықтармен қамтамасыз етіп үлгереді, олардың азығы ретінде шыбын-шіркей қызмет етеді, ал шыбын-шіркей тəулік бойы болады. Жарықтың полярлық күндерде мол болуы онда қоныстайтын көптеген түрлердің тіршілігін ұзартады. Қыстың қысқа күндері, тіпті суықсүйгіш құстар үшін ауыр келеді, себебі олардың энергетикалық шығындарын өтейтін азықтар жеткіліксіз болады да, олар оңтүстікке қоныс аударады.

Кейбір жануарлар түрлерінің қатары үшін тіршілік ету айналымын реттейтін негізгі факторлардың бірі жарықтың ұзақтылығы. Бұл құбылыс фотопериодизм деп аталады, оны кеңестік зоолог ғалым А. С. Данилевский былай түсіндіреді: осы құбылыс жəндіктердің жыл бойы ұрпақтарын дамытуға септеседі дейді, сонымен қатар олардың таралу ареалдарының кеңеюіне мүмкіндік береді. Маңызды климаттық факторлардың біріне жел жатады. Жер шарында желдің үнемі жəне күшті дауыл түрінде соғып тұратын орындары бар, жел көбіне теңіз жəне аралдардың жағалауларында үнемі соғып тұрады. Желдің есебінен шыбын-шіркейлер, көбелектер, ұсақ аралар болмайды, бұл жəндіктер тек оған таяу орналасқан материктерде мекендейді. Олардың жоқ болуынан жағалауда олармен қоректенетін жарқанаттар да жоқ болады. Мұхит аралдарында қанатсыз шыбын-шіркейлер кездеседі, жəндіктердің қанаттарының болмауы олардың теңізге таралуын болдырмайды. Сайып келгенде, жел нақтылы мөлшерде осылайша фауна құрамын анықтайды. Субстраттың, яғни топырақ сипаттамасы құрлықтағы жануарлар тіршілінде маңызды рөл атқарады. Топырақ химизмі ғана емес, сонымен қатар оның физикалық қасиеттері де қарастырылады. Топырақтағы тұздардың мөлшеріне қарай жануарлардың таралуы байқалады. Буынаяқтылар топырақтардағы тұз мөлшеріне сезімтал келеді. Мысал, Bledius П тектің қоңыздары, əдеттегідей барылдақ қоңыздар сияқты тек қана тұзды топырақтарда кездеседі. Осындай жануарлар галофильді топқа жатады. Келесі бір түрлер таулы жерге ғана қоныс тебеді. Осындай əк тастарға үйренген жануарлар тұқымдарының мысалына жататын моллюскілер, бақалшақтар ізбесті жартастарды мекендейді. Бірақ, көбіне топырақ химизмі жануарларға азықты өсімдіктер арқылы əсер етеді. Жануарлар тіршілігіндегі азық факторы жалпыға мəлім. Жануарлар гетеротрофты болғандықтан, олар дайын органикалық қоспалардан тұратын өсімдіктер есебінен тіршілік етеді. Құрлықтағы өсімдіктер жəне жануарлардың əр түрлілігі жер бетіндегі экожүйелердің сипаты мен ерекшеліктерін құрайды.

Біріншіден, жер бетіндегі экожүйелерде зоофагтарға қарағанда шөпті қорек ететін жануарлар, яғни фитофагтар басым. Екіншіден, теңіздегідей балдырлармен емес, жануарлар құрлықта жоғарғы қатардағы өсімдіктермен ғана қоректенеді. Үшіншіден, жер бетіндегі экожүйенің фитофагтары азықтық өсімдік түрлерін іріктей қоректенеді. Оларды стенофагтар дейді. Ал азықтық өсімдік түрлерін аса іріктемейтін жануарларды эврифагтар дейді. Стенофагияның тағы бір шекті түрі, ол өсімдіктің тек бір ғана түрімен қоректенуі болады, ондай жануарларды монофагиялы деп атайды. Ол көбіне мысалы, тұт жібек құртында байқалады. Стенофагия жануарлардың таралуында үлкен мағынаға ие болады, себебі азықты өсімдіктердің таралуына онымен қоректенетін жануарлардың да таралуы өзара тəуелді болып келеді. Екінші жағынан, осы қажетті өсімдіктердің жойылуы оған тəуелді жануарлар түрінің жойылуына əкеп соғады. Жануарлар арасында зоофагты түрлер кездеседі. Олар жыртқыш аңдар жəне паразиттер. Олардың ішінде стенофагтілері де бар. Зоофагтар үшін, əсіресе жыртқыш аңдар үшін ең алдымен азықтық объектілерінің алмасуы тəн болып келеді. Жануарлардың қоректену ерекшеліктері олардың таралуына ғана емес, сонымен қатар биологиясына, маусымдық қоныс өзгертуге немесе миграциясына əсер етеді. Тіршілік ортасының өте маңызды факторларының біріне өсімдіктер жамылғысы жатады, олардан жануарлардың тіршілік етуі мен таралуы тəуелді болады. Өсімдіктер жамылғысы климат жəне топырақтардың ерекшеліктерімен анықталады. Өсімдік жамылғысы биогеоценозды сипаттайды жəне оның индикаторы болып келеді. Əрбір өсімдік формациясымен белгілі бір жануарлар түрлері өзара сəйкестікті белгілейді. Дəл осылайша, біздің солтүстігіміздегі қылқанды ормандарда тайгаға тəн итбүлдірген, қазанақ, жасыл мүктер жəне басқа өсімдіктер де өседі, оған сəйкестікті құрайтын жануарлар саңырау құрды, сарышымшықты, самыркешті, қайшыауызды, ала тышқанды, бұлғынды, сілеусінді кездестіреміз. Еуропалық жалпақжапырақты ормандары еменнен, шамшат, жөке ағашынан, шетеннен құралған, сондықтан онда ұйқышылдар, көртышқандар, жертесерлер, кірпілер, мейірбан бұғы, кербұғы, орман мысығы, борсық, қырандар (жыланжегіш, ергежейлі), жабайы көгершін, жапалақ, еменмұрын, сарғалдақ, батпақты тасбақа, орман бақасы кездеседі. Далалық жəне шөлдала формацияларға кейбір түрлердің ерекше кешені тəн болып келеді. Осыдан, жер шарындағы биоценоздардың таралуы белгілі бір заңдылықтарға бағынады əрі климаттық жəне аймақтық сипаттарына тəуелді болады. Жер бетіндегі тропикалық аймақ айрықша ерекшеленеді, олар екі полярлы жəне екі өтпелі қоңыржай аймақтарын қамтиды. Олардың əрбірінің өзіндік өсімдік формациялары жəне олардан тəуелді жануарлар топтары бар болады. Тропикалық аймақтың биотоптарына гилея, яғни ылғал тропикалық ормандар жатады. Тропикалық ормандардың өсіп жетілуі үшін жыл бойына дерлік жоғары температура қажет жəне ылғалдылық мөлшері жеткілікті болуы керек, температураның маусымдық өзгерісі 8°С аспайтындай жəне орташа жылдық температура мəні 20°С төмен емес, жиірек 25-26°С болуы қажет.

.

Экваторға жақын маңдағы ормандардағы температура 35°С жетеді, ал тəуліктік температураның өзгерісі 3-15°С құрайды. Гилеедегі жылдық жауын-шашын мөлшері 2000 мм-ден кем емес. Жоғарғы жəне тұрақты ылғалдылық, тұрақты биік температура, желдің жоқ болу жағдайлары, ең алдымен, өсімдіктердің бірегей кешенін түзеді. Өсімдіктер жыл бойына өнім береді. Экваторлық ормандардағы ағаштардың көпқабаттылығы, əр түрлілігі таң қалдырады жəне полидоминанттылығы бар, яғни аз кеңістікте белгілі бір түрдің басымдылығы айқындалмайды. Өзіндік тропикалық ортада жануарлардың айрықша түрлері қоныстанған. Гилей биоценозы жыныстық санының аздығына қарамастан, түрлік жəне тіршілік күйлеріне қарай біршама алдыда келеді. Бұл биотоп басқа жердегілермен салыстырғанда осындағы барлық түрлер үшін баспана жəне экологиялық таза аймақ болып саналады. Осы ылғал тропиқалық орманды мекендеушілер термофильді жəне гигрофильді деп аталады. Осы тропикалық ормандармен жəне шөлдалалар аралығы саванна деп аталады. Саванналық өсімдіктер фармациясы ыстық климатты, жауын-шашын мезгілдерінің құрғақ маусымдармен алмасуы, мерзімділік жаңбырлы аудандарда байқалады. Саваннадағы ормандардыңқалыптасуыүшін су қорларыжеткіліксіз. Ормандардың орнына сояу ағаштар, кейде ағаштардың бөлек топтары қалыптасады. Саваннаның сондай түрі оны парк түрінде қабылдауға мүмкіндіктер береді. Созылып жатқан кең далада биік шөптесін өсімдіктер – піл шөптер өседі. Жаңбырлар маусымында саванна жасыл теңіздей болып көрінеді, жауын-шашын көп түседі, температура жоғары, өсімдіктер қаулап қарқынмен өседі. Ал құрғақ маусымдарда ылғал аз түседі жəне ол буланып ұшып кетеді, өсімдіктердің өсіп-өнуі тоқталады, шөптер солып қалады, ал ағаштардан жапырақтар түседі. Осы құрғақ маусымда саваннада өрттер жиі кездеседі, ол табиғи себептерден болады, кейде шөпті жергілікті тұрғындар өртейді.

.

Саванна Африка жеріне тəн. Ол Сахараның оңтүстік аумағынан Конго бассейніндегі таулар мен ылғал тропикалық ормандар маңына дейінгі көлемді территорияны алып жатыр. Ал Азияда Индостан түбегінде жəне Оңтүстік Американың ылғал тропикалық ормандарының солтүстік жəне оңтүстік ауданын алып жатыр. Бірақ, оларды саванна емес, парамо деп атайды. Саванналардың фаунасы айрықша, тіршілігі бай жəне ондағы түрлер əр түрлі болып келеді, соған орай жануарлардың кейбір жүйелі топтарымен де ерекшеленеді. Оның мынадай себептері бар: жауын-шашын түсуінің мерзімділігі жəне ормандардың жоқ болуы жатады. Осындағы жануарлар жылусүйгіш, бірақ стенотермді емес, сонымен қатар, олар оқтын-оқтын құрғақшылықтарға бейімделген. Осыған орай олардың тіршілігінде маусымдық ырғақтық ритмика байқалады, оның ішінде жазғы ұзақ ұйқыны айтып өтуге болады. Саваннадағы жануарлар арасында жүгірушілер жəне кеміргіштер басым болады. Біріншілерге, тұяқтылардан басқа, жыртқыш аңдар да жатады. Саваннада жыртқыш сүтқоректілердің жалпы саны көп. Арыстандар мен қабыландар тұяқты жануарларды аулайды, мысық тұқымдастар жəне виверлер ұсақ антилопаларды, кеміргіштерді жəне құстарды ұстайды, гиеналар жəне қорқаулар əлсіз жəне ауруға шалдыққан жануарларды жиіркенбей жейді жəне өлекселермен қоректенеді. Саваннадағы құстардың ішіндегі жүгірушілер түріне страус, хатшықұс, марабу, дуадақтар, бұлдырықтар жатады. Ағаштарда торғайлар үйірімен ұя салады. Кеміргіштер қатарына тышқан жəне тиін тұқымдастары жатады. Кеміргіштер көбіне жемістермен, ұрықтармен жəне өсімдіктердің түбірлерімен жəне баданаларымен қоректенеді. Кеміргіштер көп болса, тұяқтылар аз жəне керісінше, тұяқтылар көп болса, онда кеміргіштер аз. Саваннада көптеген термиттер илеуі кездеседі, олар үлкен ұялар салады, оның биіктігі кейде 2 м жетеді жəне одан көбірек болады. Тропикалық жəне қоңыржай аймақтардың шекарасында, материктер ортасында көбіне шөлдалалар орналасады, олар континенттер ауданының 23% алады. Жарты шығыс шарында шөл далаларының белдігі Солтүстік Африкадан (Сахарадан) Аравия, Индостанның батысы, Орта Азия, Қазақстан арқылы Орталық Азияға дейін созылып жатыр. Австралияның орталығындағы шөлдала да осы қатарға қосылады. Оңтүстік Африкада Калахари жəне Намиб шөлдалалары бар, ал жарты батыс шарында Атакама (Чили ), Мохаве шөл далалары жəне т.б. жатыр. Шөл далалар, негізінен алғанда, құрғақ климаттық белгілердің кешенімен (ылғалдың күшті булануы есебінен жауын-шашын мөлшерінің аздығымен), ауаның температурасының жазда жоғарғы жəне қыста төмен болуымен (Гоби шөлдаласында ауа райының өзгерісі 80-90°С дейін жетеді), топырақтың жоғарғы қабаттарына қажетті ылғалдың жетіспеушілігінен жəне жерасты суларының тереңде орналасуынан, топырақ бетінің қызып кетуінен, субстраттың өзгеруімен жəне оның тұздылығымен сипатталады. Түрлі шөлдаланың ылғалдылық режимі түрліше болады, біреулерінде жазда жауын-шашын түссе, ал қыста құрғақшылық болады. Басқаларында, керісінше, қыста жауын-шашын түседі, ал жазда құрғақшылық болады. Кейбір шөлдалада жауын-шашын мезгілдері болмауы мүмкін. Тіпті, мүлдем жауын болмайтын шөлдалада сағым кездеседі. Ылғалдылық режімі түрліше шөлдалаларда жауын-шашынның жылдық мөлшері көбіне 100-200 мм-ден аспайды. Ал Орта Азия жəне Қазақстанның шөлдалаларында, мысалы, түрлі аудандардағы жауын-шашынның жылдық мөлшері 55 мм-ден 180 ммге дейін жетеді. Шөлдала субстраты сипаты жағынан құмды, сазды, қиыртасты (гаммадалы), сортаңды жəне т.б. болады.

Шөлдаладағы организмдердің тіршілік ету ортасы өте қатал. Осында өсімдіктер сирек кездеседі жəне тұйық жамылғы құрастырмайды. Бұндай өсімдіктер қатарына құрғақ жəне тікенекті шөптер немесе ұсақ, көбіне тікен жапырақтарты жартылай бұталар мен бұталар жəне шырынды жұмсағы бар суккулентті өсімдіктер (кактустар, опунцилер, сүттіген, сораңдар) жатады. Жаңбырлар маусымы бар шөлдалада біржылдық өсімдіктер – эфемерлер өседі, өте қысқа уақыт ішінде өсіп, жетіліп, тұқымдары пісіп жəне оны шашып үлгереді. Шөлдаладағы жануарлардың көпшілігі ксерофильді жəне эвритермді болып келеді, бірақ олардың температуралық шыдамдылығының шегі болады. Жəндіктер 50-55°С өледі, кесірткелер қызған құмда 4 мин-тан артық бола алмайды, қосаяқтар 34°С өледі. Қызып кетуден сақтану үшін кейбір жануарлар топыраққа көміледі немесе індерде күні бойы тығылады, басқалары бұталардың бұтақтарын тасалайды. Басқа жағынан алғанда, тасалайтын орындар аз болғанда жəне сирек бұталардың көлеңкесін іздеу кезінде қызған субстрат жануарларды жылдам жүгіріп құтылуға мəжбүрлейді. Осындай жануарларға, мысалы, кейбір кеміргіштер (егеуқұйрықтар), ал жəндікжегіштерден секіргіштер жатады. Шапшаң жүйріктердің классикалық үлгісіне қосаяқтарды алуға болады. Олардың артқы аяқтары алдыңғы аяқтарынан ұзын келеді. Олардың ұзын құйрықтары артқы аяқтармен жылдам секіру жəне жүгіру кезінде теңгеруші, тепетеңдікті сақтау рөлін атқарады. Қосаяқтар шөлдаланың тіршілігіне бейімделген жəне судың жетіспеушілігіне керемет шыдамды. Олардың бүйректері аса концентрленген несепті айдайды. Олардың қилары жартылай кепкен, ал тер бездері жоқ болады. Сонымен қатар, қосаяқтар жалпы су ішпейді, олар метаболитті суды қанағат етеді. Жалпы алғанда, ауаның құрғақ жəне судың жоқ болуынан (немесе олардың өте сирек кездесуінен) ондағы организмдер ұзақ уақыт сусыз тіршілік етуге бейімделген. Көптеген жануарлар, əсіресе жəндіктер, мүлдем су ішпейді. Ылғалды олар өсімдіктерден немесе мал азықтарынан алады. Олардағы физиологиялық процестер суды үнемдеуге қызмет жасайды, сонымен қатар, оларда азықтың тотығуы есебінен түзілетін метаболит суды қолдану қабілеті дамыған. Бірқатар жануарлар организмде су қорын жинайды. Ал суды қажет ететін түрлер (мысалы, шілдер) 200-300 км қашықтықтағы су көздеріне немесе қайнарларға ұшып барады. Шөлдаланың кейбір жануарлары ыстық уақытта ең ұзақ ұйқыға кетеді, мысалы, дала тасбақасы немесе саршұнақтар үзіліссіз қыс мезгілін қамтып, 8-9 ай ұйықтайды. Шөлдалада жыртқыш аңдар көп емес жəне олар əдеттегідей ірі болмайды. Оларға фенек түлкілері жəне қарсақ, құм мысығы жəне манул, қарақал, күзендер жатады.

Жалпы алғанда, шөлдала биоценозы аздаған түрлік құрылымымен жəне қарапайым құрамдылығымен ерекшеленеді. Олар антропикалық əсерлерге өте сезімтал. Шөлдалаларда мұнай жəне газ табылады, жер суаратын каналдар қазылады, су қоймалары жасалады, жолдар салынады. Баяғыдан шөлдалада қой бағатын, аң аулайтын жəне отын дайындайтын. Осындай əрекеттер табиғи кешенді бұзады, ал егер ол ғылыми тұрғыдан негізделмесе, онда өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жоғалуына əкеледі. Нəтижесінде экожүйелер құриды. Шөлдаладағы жануарлар əлемін қорғау жəне оның фаунистикалық кешенінің ерекшелігін сақтау осы замандағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Континенттік климат жағдайында жылдық жауын-шашын мөлшері 200-500 мм болса, онда шөлдала мен орман шекарасы аралықтарында дала болады. Еуразия даласының жолағы Венгрияның шығысынан басталып, Байкал аймағына дейін созылады. Солтүстік Америкада дала аймақтарын – прерия, ал Оңтүстік Американың қоңыржай аймағындағыларды – пампастар деп атайды. Далалардың климаты континенттік, қарама-қайшылықты болады. Жазы ыстық жəне құрғақ. Біздің далаларда шілдедегі орташа температура 20-23,5°С, қысы өте салқын жəне қар түспейді, кейбір аязды күні – 40°С, ал Жайықтың арғы жағында 50°С-қа жетеді.

Далалардағы каштан немесе қара топырақтарда шөп жамылғысы қалың. Ағаш өсімдіктері жазық жерлерде жоқ болады, олар тек дала аймағын басып өтетін су айырықтарында жəне өзендердің алқаптарында өседі. Жаз кезінде көптеген өсімдіктердің өсіп-өнуі тоқтайды, ал қыс кезінде толық тыныштық орнайды. Біздің далаларда өсімдік жамылғысын бетеге, ақселеу, тамырлы шөптер құрайды. Америкалық прерияларда Евразия даласымен салыстырғанда көгалды аймақтары көп, алуан шөптің түрі өседі, олардың ішінде бетеге, жалбыз, бозшалғын бар.

Даладағы хайуанаттар əлемі фитофагтардың көп болуымен сипатталады, кеміргіштер əсіресе, індерде тіршілік ететіндер бар. Оларға суырлар, саршұнақ, сұртышқандар, ал Солтүстік Америкада шалғынды саршұнақтар жатады. Қашанда біздің далаларда тұяқты табындар: жабайы аттар – тарпандар, сонымен қатар турлар жəне киіктер болған. Олардан тек қана киіктер осы күнге жетті, бірақ олар тек Каспий маңындағы жартылай шөлдалаға адамдар əрекетінен ығыстырылған. Америкалық прерияларда бизондар мекендеген, бірақ оларды бүгінгі күні тек ұлттық бақтарда ғана көруге болады.

Даладағы кеміргіштердің молдығы жыртқыш аңдар үшін жақсы азықтық базаны құрайды. Далада түлкі, күзен, қасқырлар кездеседі. Жыртқыш құстарда – обалар, ителгілер, ұсақ сұңқарлар осы кеміргіштерді аулайды. Сонымен қатар, даладағы жыртқыш аңдар кеміргіштермен қоса көп кездесетін жəндіктерді де жейді. Оларға əр түрлі шегірткелер, құмырсқалар, жапырақжегіш қоңыздар жəне т.б. жатады. Олардың арасында көптеп көбейетін жəне өсімдіктерді құртатын зиянды түрлері де бар.

Дала оңтүстігіндегі жартылай шөлдала болса, ал солтүстігінде аралық аймақ – орманды дала кездеседі. Өсімдіктердің жəне жануарлардың əртүрлілігі орманды далада ұлғая түседі, себебі ағаш тұқымдастарына қатысты тіршілік етудің барлық жағдайлары қамтылған. Кейбір ғалымдар орманды даланы дербес ландшафтты зона деп санайды. Ормандар біркелкі қоңыржай аймақтарда дамиды, ондағы жауын-шашынның жылдық мөлшері 300 мм шамадан асады. Оңтүстігінде жауын-шашындардың, ал солтүстігінде температураның арқасында құрғақшылық болмайды жəне вегетациялық периодтың ұзақтығынан орман өсіп жетіледі. Осы себептенде тайга жер шарының солтүстігін жаппай тұтастай қамтыған, ал жапырақты ормандар үзілісті түрге ие болған. Қоңыржай белдеу ормандарының негізгі үш түрі болады: мəңгі жасыл субтропикалық орман, қоңыр күздік жалпақ-жапырақты орман жəне қылқанжапырақты орман (тайга).

Қоңыр күздік жалпақжапырақты ормандар қоңыржай температурамен, жазы ыстық емес жəне қысқы аязы күшті емес облыстарда дамиды, мұндағы маусымдарға теңдей бөлінген жауын-шашын мөлшері жылына 500 мм-ден кем емес. Бұл ормандар ең алдымен теңіз климатына жақын елдерде өсіп жетіледі. Материктердің орталығына қарай бұл ормандар жоғалады. Евразиядағы жалпақжапырақты орман батыс Европадан бірте-бірте тарылған жолақпен Атлантика жағалауынан Оралға дейін созылады, содан соң үлкен үзілісті аралықтан кейін Ресейдің Приморском край жағында, Жапонияда, Корейде, Қытайда қайта жалғасады. Жарты батыс шарында олар АҚШ-тың шығысында орналасқан. Осы ормандардың тектүзуші ағаштарына – емен, жөке ағашы, үйеңкі, шетен, шамшат, сонымен қатар жабайы жеміс ағаштары жатады.

Қоңыржай ендіктердің салыстырмалы түрдегі жұмсақ климаты жануарлар түрлілігінің негізгі шарты болып табылады. Бірақ қыс кезінде бұл облыстарда өте суық болғандықтан, жануарлар оңтүстікке қарай қоныс аударады немесе ұзақ ұйқыға немесе диапауза кетеді.

Осы аймақ фаунасының құрамы жəне экологиялық бейнесі барлық жерлерде біркелкі жəне түрлі бөліктерде ағаш жəне жердегі жануарлар түрлерінің, фитофагтар мен жыртқыш аңдардың нақты арақатынасын сақтайды. Тұяқтылардан мұнда мейірбан бұғы жəне үзбара, таукиік, жабайы қабан кездеседі. Қазіргі күндерде зубр тек қана қорықта ғана бар. Ағаш басында ақ тиіндер жəне ұйқышылдар, ал сулы жерлерде əдеттегідей құндыздар кездеседі. Түрлі құстар, əсіресе əнші барылдақ торғайлар, бұлбұлдар, таңшымшықтар, сарғалдақтар, көгершіндерден кептерлер көп. Жəндіктердің ішінде көпшілігі əдеттегі жапырақтармен, өскіндермен, түбірлермен жəне ағаш жемістерімен қоректенетін фитофагтар бар. Мұнда жəндіктердің көптеп көбеюі орын алады, бірақ олар компоненттер арасындағы теңдік бұзылмаған табиғи орманда өте сирек болатын құбылыс Осы сияқты, Еуропаның жəне АҚШ-тың шығысындағы жапырақты ормандар адамдар қатысымен көп қолданыста болғандықтан, жаппай тепе-теңдік қатыстар бұзылған. Оның орнындағы жасанды ормандар тұқымдардың кедейлігімен ерекшеленеді жəне тұрақты күтімді, əсіресе зиянды жəндіктермен үнемі күресуді талап етеді.

Ең ірі орман – тайга немесе қылқанжапырақты ормандар шырша тоғайларынан түзіледі, онда самырсындар, қарағайлар, балқарағайлар жəне шыршалар бар. Бұл орман Атлантикадан Тынық мұхиттарына дейін созылыр жатыр. Қылқанжапырақты ормандардың үлкен бөлігі (55%) Евразияда, одан қалғандары Солтүстік Америкада шоғырланған. Оңтүстік жартышарында тайгаға ұқсас орман жоқ. Тайганың климаты қатал. Температураның жылдық орташа мөлшері 5°С-ден 0°С-ге дейін өзгереді. Қысқа жəне салыстырмалы ыстық жаз (шілдедегі орташа температура 13-14°С), ұзаққа созылатын қыс, қары көп, аса салқын аяздар – 30°С жетеді жəне тіпті 40°С көрсетеді. Ең маңызды факторларының біріне мəңгі тоң мұз жатады, сонымен қатар, ол шығыс Сібір тайгасына тəн белгі болып келеді.

Қатал климаттық жағдайлар тайга өсімдіктерінің, жануарлар түрлерінің аздығына алып келеді. Мұндағы аздаған жануарлардың түрлері қысқы ұйқыға кетеді, оларда қысқы азық қорын жасау қабілеттілігі бар жəне морфологиялық қатардың əрекеттерін жасау (тығыз қауырсындану немесе қылшықтық жамылғының өсуі, қыспен бірдей ақ түске боялу жəне т.б.) тəн келеді. Тайганың тұрақты мекендеушілеріне қарабауыр шіл, саңырау құр, сақалды жəне қаршығалық жапалақтар, кукша, балқарағай құсы, клест жəне қара тоқылдақтар жатады. Тайга жануарларының ішінде бұлғын, орман леммингі, қызыл сұр тышқан бар. Алатышқан жəне ұшқыш ақтиін де осы аймақта тіршілік етеді.

.

Жануарлар қорегі үшін тайганың қылқанжапырақты ағаш тұқымдарының, оның ішінде балқарағай жаңғақтары маңызды орын алады. Олармен балқарағай құсы, тоқылдақ, ақ тиін, ала тышқан қоректенеді. Бұлғын жəне аюдың рационында жаңғақтар ерекше орында тұр. Қылқанжапырақты ағаш жаңғақтарымен қоректенетін құстардың тұмсықтары азық-қорекке қарай бейімделген. Мысалы, клесттің тұмсығы пинцеттəрізді, сығырда ілмектəрізді, балқарағай құсының тұмсығы қашаутəрізді болып келеді. Осындай арнаулы тұмсықтар көмегімен құстар ағаштан ағашқа көшіп жем іздейді. Өнім беру мерзімі құстар санының өзгерістеріне, алыс миграцияларға жəне келімсек (жаңа мекенге қоныстайтын) құстардың пайда болуына əкеледі. Тайгада жидектер мен саңырауқұлақтарды азық ететін жануарлар түрлері көп, оларға аю, бұғылар, ақ тиіндер, тауықтəрізді құстар жатады. Тайгада жаз кезінде қан сорғыш жəндіктер, яғни шіркей мен масалар шығады. Олармен жəндікжегіш құстар азықтанады. Бірақ, осы шіркейлер мен масалардың көп болуы адамдарды есепке алмағанда ірі сүт қоректі жануарлардың тіршілігін қиындатады. Тайганың солтүстігінде орманды жəне бұталы тундра өтетін жолақ жатыр. Евразияның жəне Солтүстік Американың барлық солтүстігін қамтитын Солтүстік мұзды мұхит жағалауы жəне оның аралдары да тундраға жатады.

Солтүстікте жəне оңтүстікте поляр шеңберімен шектелген полярлық аймақ астрономиялық үзіліссіз жазғы күнмен жəне сондай қысқы түнмен сипатталады. Бұл полярлық аймақ жер шарындағы ең салқын облыстар болып табылады. Тундраның өсімдік жамылғысы көп жылдық өсімдіктерден тұрады, оларға полярлық тал жəне поляр қайыңы жатады, олар ұсақ ит бүлдірген, дриада сияқты бұтатəрізді келеді. Бірақ, көбіне мүк жəне қынатəрізділер жақсы дамыған. Өсімдік жамылғылары бірбіріне өте ұқсас. Өсімдіктердің тамыр жүйесі мұз тоңның арқасында жерге жақын болады. Негізінен, мұндағы тіршілік жердің тек беткі қабаты атмосфера мен топырақ арасына ғана шоғырланған. Ол мүкті мекендейтіндерге немесе жер қиыршығына талдау жасағанда байқалды, оның көпшілігі омыртқасыздар, əсіресе төменгі сатыдағы жəндіктер, ұзын сирақты масалардың, сауытты кенелердің дəрнəсілі, личинкалары жəне т.б. Жаз кезінде лайшықтардан сансыз қан сорғыштар (гнустар) шығады, тундраның зоомассасының 90%-ын омыртқасыздар құрайды. Жазда тундра тіршілігі көптеген құстардың, əсіресе оның ішінде суда жүзетіндердің – қаздардың, үйректердің, аққулардың, үйірлі куликтердің келуімен жанданады. Оларға ілесіп келетін жыртқыш аңдар келеді, сондай-ақ ақ жапалақтар, сұңқарлар жəне оларға қорек болатын ұсақ құстар болады. Осы фаунадағы сүтқоректі жануарлардың ең көбі леммингтер, олар жаппай көбею жылдарында келеді. Жаз кезінде олар азықты жеткілікті мөлшерде тауып алады, қыста қалың қар астында жолдар салып жасырынады. Оларды ақ түлкілер аулайды. Тундрадағы ең ірі сүтқоректілер қатарына солтүстік бұғылар, ал Солтүстік Америкада оларға қойөгіз жатады. Тундра өмірінде рептилия жəне амфибиялардың аса рөлі жоқ, олар полярлық шеңбердің ар жағында сирек кездеседі, оның ішінде тірідей туатын кесіртке, сібірлік төртсаусақты тритон жəне құрбақалардың 2 түрі бар. Қыс кезінде тундрада тіршілік ұзақ уақытқа тынып қалады. Тек ақ түлкі мен ақ аю, қойөгіз, ақ қоян, қасқыр, ақ жапалақ жəне ақкіс қана қыстап қалады, ал бұғылардың көпшілігі оңтүстікке ауады. Тундра экожүйесінің құрамдық жəне құрылымдық қарапайымдылығы арқасында олардың жеке бөліктері арасындағы байланыстарды орнату жеңіл. Бұндай қарапайым қауымдастықта əрбір буынның рөлі арта түседі. Лемингтердің жаппай көбеюі есебінен, ақ түлкілердің жəне ақ жапалақтардың саны көбейеді, ол өз кезегінде, кеміргіштердің санын азайтады, ал ол буынның соңынан еріп келе жатқан жыртқыш аңдардың саны төмендейді. Бұл процестердің қайталануы айқын байқалады.

Қиыр солтүстікті игерудегі табиғатты қорғау мəселесін шешуді адамдардан талап етіледі, себебі онда өте сирек кездесетін аңдар көбірек кездеседі (ақ аю, қызыл казарка), ал экожүйесі тіптен өте əлсіз. Тіпті мүдірмейтін тракторлар мен машиналар жүрісі тундра өсімдіктерін жоюға, топырақтардың езілуіне жəне топырақ эрозиясына əкеледі. Биік таудағы тіршілік ортасы өзіндік айрықша ерекшеленген. Мұнда оттектің жетіспеушілігі, тəулік бойына температураның төмендеу шегінің өзгерісі, қарқынды күн радиациясы, ультракүлгін сəулелердің молдығы, күшті желдер болады. Осындай жағдай таулардың орманды аймақтарынан жоғарғы белдеулерінде көп кездеседі. Таулы жоталардың георгафиялық жəне жергілікті жағдайларына қатысты биік тау шекаралары түрлі деңгейде болады, полюстерден экваторға дейін биіктей береді. Ормандардың биіктегі жоғарғы шекаралық деңгейі экватор маңында 3800 м, Гималай тауында – 3600 м, Альпі тауында – 2000 м жуық, ал полярлы Орал тауында – 300 м. Тау баурайларының биіктегі жоғарғы шекаралық деңгейлік мəні бар: биікте үлгілі Кавказ тауы баурайындағы солтүстіктегі орманның жоғарғы шекарасы 1800 м болса, оңтүстікте 2500 м құрайды. Биік тауларға тəн сипаттамалардың бірі – температуралық режим. Жазықтан биіктеген сайын температура біртіндеп кемиді (жергілікті ендіктен əрбір 140-195 м көтерілген сайын ауа райы 1°С төмендейді). Сондықтан альпілік аймақтың жазы қысқа, ал қысы ұзақ жəне суық келеді. Биік таулар аласа бойлы көп жылдық шөптермен (альпілік шабындықпен) немесе жастана өсетін тікенекті бұталар жəне жартылай бұталармен (таулық ксерофиттермен) не таулы далалармен жəне шөлдалалармен жабылған. Өсімдіктер жамылғысы тұйықталмаған: дербес алаңдар ғана көк шөптермен жабылған, олар жартастармен жəне тастақ шөгінділермен бөлектенеді. Альпілік алуан шөптесіндерге сабақтары қысқа ашық гүлді өсімдіктер жатады. Олардың ішінде горечавка, примула, крокус, еңлікгүл бар. Осы аймақта астық шөптердің ерекше түрлері, қопа, табаншөптер көп. Азияның оңтүстігінде бамбуктар да кездеседі. Биік таулардағы түрлері аз хайуанаттар əлемінің өзіндік ерекшелігі бар. Таулардың жоғарғы белдіктеріндегі тіршілік шектеулі. Температура өзгерісі не шыдамды эвритермді түрлер ғана қоныстанған. Сүтқоректі жануарлар ұзын жəне қалың жүндес, ал құстар – тығыз қауырсынданған. Биік тау жануарлары өте ірі келеді (Бергман ережесі бойынша4), аса қысқа мерзімде көбейеді. Тауда оттек жетіспеушілігіне бейімделу олардың қанындағы эритроциттер мөлшерінің артуына жəне жүрек өлшемінің ұлғаюына əкеледі. Пойкилотермді жануарларда меланизмге бейімділік жиі кездеседі, яғни тау баурайындағы рептилиялар, көбелектер жəне қоңыздар жазықтағылармен салыстырғанда қою түсті болып келеді. Биік тауларда жүретін жануарлардың көбісі күндіз тіршілік етеді. Жамылғылардың түсі қою болуының пайдалы жақтары да бар, ол ультрафиолетті сəулелерден қорғайды жəне күн энергиясын жұтады Тауда желдің көп болуынан қанатсыз жəндіктер ғана кездеседі. Тұяқты жануарлардан таутекелер мен тауешкілер бар, олардың тұяғы жіңішке əрі қатты болғандықтан, таудан тасқа оңай секіреді. Биік тауларда жасыл жəне жерасты өсімдіктерімен қоректенетін түрлер жəне сапрофагтар басым келеді. Олардың көбісі талғаусыз қоректенеді. Жəндікжегіш құстар мұнда тек жазда ғана келеді. Биік  таудағы тіршіліктің қатал шарттарына бейімделгенмен, құстар мен ірі сүтқоректі жануарлар қыстыгүні амалсыздан азық іздеп, төменге түседі. Таулы жоталардың жазықтармен жəне шұңқырлармен өзіндік бөлінуінен бірыңғай емес аймақ құрайды, сондықтанда мұндағы жануарлардың таралуы аралдағыдай сипат алады. Осыдан, таулы аймақ елдерінде өзіндік эндемитті жануарлар мол жəне олардың саны шектеулі ғана. Осы себептен де биік таулар биоценозы антроптік əсерлерге аса сезімтал келеді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.