Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы

Главная » Рефераттар » Жердің сыртқы және ішкі қабаттарының құрамы

Жердің сыртқы қабаттары. Атмосфера – Жердің газды сферасы. Жердің сыртқы қабаттарына атмосфера, гидросфера, биосфера жатады. Құрамында 78,08% азот; 20,95%; оттегі, 0,9% аргон, 0,03% көмір қышқыл газы бар, ал қалған 0,04% неон, гелий, су буы, шаң және басқа заттардан құралған. Атмосфераның жоғарғы шекарасы әлі анықталмаған. Атмосфера бірнеше қабатшаларға бөлінеді: тропосфера – 8-15 км биіктікке дейін, стратосфера – 8-15 ден 100 км-ге дейін және одан әрі ионосфера. Атмосфералық агенттер – күн сәулесі, атмосфералық электр заряды, жылулық ауытқуы, жел, атмосферадағы су буы — үлкен геологиялық жұмыс атқарады. Тау жыныстарының мүжілуі, мүжілген заттардың тасымалдануы және олардың шөгуі осы атмосфера агенттері ықпалымен жүреді. Гидросфера — Жердің үзілмелі су қабығы. Құрамына мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер және мұз жамылғылары жатады. Гидросфераның негізгі бөлігін мұхиттар мен теңіздердің тұзды сулары құрайды; континенттегі тұщы сулардың көлемі барлық гидросфераның 0,3% ғана алады. Құрлықтағы барлық сулардың тұщы сулары тек 3% құрайды және оның 2/3 мұз күйінде болады. Сондықтан адамзат пайдаланатын тұщы су мөлшері тапшы болып есептеледі. Гидросфераның жоғарғы шекарасы анық белгіленген, ол мұхит пен теңіздердің беті. Төменгі шегі күрделі, жобалап айтқанда мұхиттардың  астымен сәйкестенеді. Гидросферада тұздар мөлшері 5х1016 т. Әлемдік мұхиттың орташа тұздылығы 3% болады. Теңіз жер өмірінде өте маңызды агенттердің бірі. Теңіз ортасы үлкен биохимиялық фактор, үлкен тұз кені. Теңізде көптеген шөгінді тау жыныстары пайда болған: әк, бор, мұнай, фосфорит, глауконит, калий тұздары. Теңіз суы  көптеген тау жыныстарын ерітетін орын және денудация факторы. Биосфера — Жердің тірі организмдер қоныстанған қабаты. Академик Вернадский В.И. биосфераны өмір аймағы деп атаған. Әр деңгейде ол атмосферада, гидросферада және жер қыртысында  орналасады. Тірі организмдердің таралған төменгі шегі қысыммен және температурамен анықталады. Құрғақ жерде тірі организмдер 3-4км тереңдікке дейін байқалды. Ал мұхитта әр түрлі фауна 11000км тереңдікте де табылған. Атмосфераның 8-10км биіктігінде де  организмдер кездеседі. Организмдердің құрамына 60-тан аса элементтер кіреді. Олар көбінесе О, Н, С, Са, Мд, К т.б. элементтер мен заттардан құралған. Олардың кейбір химиялық элементтердің жиынтығы ретінде маңызы бар, мысалы: шымтезек, көмір құрамында көміртек көп, әкте, борда – кальций мен көміртек көп, ал фосфоритте – фосфор мол.  Топырақтың, тау жыныстарының, қазба байлықтардың түзілуіне жануарлар мен өсімдіктердің тигізген әсері өте зор.

Жердің ішкі қабаттары. Жер қыртысы деген Жердің сыртқы қатты қабаты. Басқа қабаттармен салыстырғанда ол ең біртексіз қабат. Үстінен астына қарай ол үш қабатқа бөлінген: шөгінді, гранитті және базальтті (1 – сурет.). Шөгінді қабат  көбінесе салыстырмалы жұмсақ, кейде борпылдақ жыныстардан құралады, олар су және ауа әсерінен Жер бетінде шөгілу нәтижесінен пайда болған. Көбінесе шөгінді тау жыныстар қабатты қатпарлы болады. Олар салыстырмалы жұқа қабаттардан құрылады. Олардың тығыздығы 1-ден 2,65 г/см3 аралығында ауытқиды. Шөгінді қабаттың қалыңдығы біркелкі емес: ол бірнеше метрден 10-15 км-ге дейін ауытқиды. Жер бетінде  шөгінді қабаты жоқ жерлер де бар.

sdddg44

1 – сурет. Жердің және жер қабығының құрылысы

 

А – жер қабығы; В және С – жоғарғы мантия: Д – төменгі мантия: Е – ядроның сыртқы бөлігі: F – ішкі және сыртқы ядро арасындағы өтпелі аймақ: G – ішкі ядро: d – тығыздық: р – қысым. Сандармен км-мен шекара тереңдіктері көрсетілген.

Гранитті қабат көбінесе магмалық және метаморфты жыныстардан құралады, олардың құрамында көбінесе алюминий мен кремний  кездеседі. Осы жыныстардың ішінде кремнеземнің орташа мөлшері 60% құрайды, сондықтан оларды қышқыл жыныстар дейді. Бұл жыныстардың  тығыздығы 2,65-ден 2,8 г/см3-ге дейін ауытқиды. Гранитті қабаттың қалыңдығы тұрақты емес. Қазіргі тау жоталарының астында (Памир; Альпы) олар ең қуатты қалыңдықта болады (50-60км). Тынық, Атлантика және Үнді мұхиттары ойпаттарының астында бұл қабат жоқ, немесе өте жұқа болады. Сейсмикалық толқындар осы қабатты 6 км/с жылдамдылықпен өтеді.

Базальт қабаты гранит қабатының астында орналасады Қалыңдығы 5 км-ден 30 км-ге дейін ауытқиды. Бұл қабат физикалық қасиеттері және химиялық құрамы бойынша базальттарға жақын. Жыныстардың  тығыздығы 3,32 г/см3 болады. Жер қабығы кейбір мұхиттардың астында жұқа шөгінді қабаттардан құралады және оның астында бірден 5-15 км қалыңдықты базальт қабаты жатады.

Жер мантиясы және жер өзегі. Құрлықтардың астында 50-70км  тереңділікте  жоғарғы мантия орналасады, жобалап айтқанда олар дунит пен перидотиттен құрылады деп жорамалдайды. Жер қойнауында тұтас балқынды қабат жоқ. Әр түрлі қабаттарда максималды температурасы бар аймақтар бар олар шала балқыған. Оны астеносфера деп айтады. Ядроның химиялық құрамы әлі белгісіз. Біреулері ядроның сыртқы қабатының химиялық құрамы силикаттарға жақын, ал ішкі қабаттары темірден құралады дейді. Кейбіреулерінің айтуы бойынша ядроның химялық құрамы  мантияның құрамына жақын, ол  металданған күйде болады дейді. Өте жоғары тығыздық әсерінен (303 • 106кПа) ядрода ауыр металлдар қасиеті пайда болады.  Сыртқы жер өзегі сілкініске сезімділігіне байланысты сұйықтардың қасиеттері бар, бірақ қаттылығы құрыштан да жоғары және көптеген механикалық қасиеттері бойынша материяның кристаллдық күйіне сай болады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.