Жетіқарақшы

Главная » Рефераттар » Жетіқарақшы

hui94z4l2bkqjr2Қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздың бірі Жетіқарақшы (Большая Медведица). Жетіқарақшы бір тәулікте Темірқазықты (дәлірек айтқанда дүние полюсін) бір айналады. Оның іңірдегі, түн ортасындағы, таң алдындағы орны жыл мезгілдеріне қарай әр килы келеді. Жетіқарақшының қозғалысын жақсы білетін малды елдер мыңдаган жылдар бойы онымен түн мезгілдерін білдіретін аспан сағаты есебінде пайдаланып келді. Бажырайған жеті жұлдыз аспанды бір шолғанда-ақ өзінің ерекше түрімен “мен мұндамын” деп көзге түсе кетеді. Тек аспан ашық болса болганы. Қалтадагы сағатты алып, онын тілін жарыққа ұстап көріп, әуреленіп жатпайсың. Жетіқарақшы қандай жұлдыз деп сұрай қалсаң, кез келген қазак оның неге бұлай аталғанын, оның сыр-сипатын, қозғалысын түгендеп айтып берумен қабат, өзін аспаннан көрсетіп, керек десең, қағазға суретін де нобайлап сызып береді. Жетіқарақшы батпайтын жұлдыз, ол тек шыр айналады. Төрт жұлдызы бары оның бас жағы. Үшеуі артында, ол — құйрығы. Ол күндіз де жүреді, қазір (11 август, күндізгі сағат 3) ол төбеге таман келді. Жұлдыздың күндіз жүретінін әр уақыт. Күн тұтылғанда байқаймыз, дейді “есепші”. Біз бұрын жылқы баққанбыз, сонда қай жұлдыз қай жерге барғанда таң ататынын белгілеп аламыз. Жетіқарақшы жеті жұлдыз, төртеуі алдында, үшеуі құйрыққа ұқсап шұбалып артында жүреді. Ол өзі бір жерде тұрмай, айнала жүріп отырады. Осы қезде (сентябрьдің аяғы) іңірде мына жақта, ал таңға жақындағанда төртеуі өрге шығады, үшеуі төмен қарай астына түседі.

Қазақтың бұрынғы сағаты Жетіқарақшы. Ол шыр айналып жүреді. Ол таң қысқа кезде қысқа айналып, ұзарғанда ұзын айналып, еңістеп барып, күншығысқа қарай көлденеңдеп жүріп, содан өрге ұмтылады. Еңістегенде таң атады (жазға салым). Қысқа қарай мынадан шығып, айналып төбеге келіп, құбылаға қарай бұрылғанда таң атады. Таңды айнытпай білдіреді. Қыс басында Жетіқарақшы төбеге келгенде таң атады. Түн ұзарған сайын ол төбеден ауа таң білінеді. Түн ұзарғанда қой мен жылқы күзетшілері Жетіқарақшының орнына қарап, ауысып күзетеді.

Күзде күн қысқарғанда биені таң жусауында қосақтап, боземшек қылып, сәскеге жеткізбей, күн шыға ауылға әкеледі. Сонда үлкендер Жетіқарақшы мандайға айналғанда биені қосақта,— дейді. Жетіқарақшымен сағат есебінде қалай пайдаланатынын байқау үшін бақташылардың осы сөздерінің өзі де жетіп жатыр. Есепші Жетіқарақшының тіпті күндізгі орнын да дөл айтып береді. Шаруалар Жетіқарақшыға қарап, түн мезгілдерін белгілеумен қатар, онымен жыл мезгілдерін де айырады. Жетіқарақшы томен еңкейіп келмей жаз болмайды, жазға таман бұл да еңкейеді. Ал, кезде Жетіқарақшы көбінесе жамбасқа (көкжиекке) келеді дейді олар.

Тоте сөз: сентябрьдің 20-сы (күзгі күн мен түн теңелуі) қарсаңында іңірде Жетіқарақшы томенгі кульминацияда болып, етектеп көкжиекке тоніп жүреді. Астрономияда белгілі аңыз бойынша, жұлдыздардың ескі картасында Жетіқарақшының үш жұлдызы «аюдың құйрығы» есебінде суреттеледі. Қазақ ортасында да ол үшеуі Жетіқарақшының «құйрығы» деп аталатынын ескерте кетейік.

—  Жетіқарақшыны орыстар «Тележка», ал құйрығындағы үшеуін «оглобля» (тәртесі) дейді, шыныңда онысы ұқсайды. Шаруашылықпен шұғылданғандар орыс халқының жұлдыздарға қойған аттарын да айтып береді.

Айтушылар (екінің бірі деуге болады) Жетіқарақшыны Үркермен іліктіріп, екеуін салыстырып, айырмасын корсетіп және Үркер қызы туралы белгілі ертегіні қиыстырып, қоса айтып береді.

— Үркер шығыстан шығады да Күнге ұқсап жүреді, ал Жетіқарақшы тобеге келген соң қайта айналып өзінің ізіне барады. Жетіқарақшы жерге түспейді, ол Үркерше жиектен батпайды, таң сызып келе жатқанда сол тұрған жерінде жоқ болады (корінбей кетеді).

— Үркер шоқталған, ол үркіп қалған. Ал Жетіқарақшы Үркердей жиын емес, андыздап бытыраған. Жетіқарақшының тортеуі Босаға сияқты, Үркердің тортеуі үйме-жүйме. Жетіқарақшы Үркерден безіп шыр айналады, ол Үркердің қызын алып қашқан.

Бағзыбіреулер Жетіқарақшы Үркерді қуа жүреді. Өйткені Үркердің бәрі де «қыз» екен дейді. Сойтіп қайсысы қайсысын қуып жүр? Үркер де, Жетіқарақшы да бір орталықты (дүние полюсін) айналатын болғандықтан, оның қайсысы қашып, қайсысы қуып жүр деп айтса да сияды.

Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман бізден бұрын болған емес

Күз айларының орта шені болатын. Жолдасымыз екеуіміз Қойтастағы кой фермасынан күн бата шықтық. Күз бен коктемде іңір копке созьшмайды. Әп-сәтте ымырт жабьшып, түн болды. Жұлдыздар екі-екіден, үш-үштен, леклегімен қоздап туа бастады. Бәрінен бұрын Темірқазықтан алшақта, оның екі бүйірінде екі жарық жұлдыз кезге түсті. Тани кеттім, мұның шығыс пен терістік арасында кокжиекке жақын тұрғаны Босағаның бір жұлдызы (Капелла), ал екіншісі оған қарама-қарсы — Лирадағы Вега дейтін жұлдыз. Бұл жоғарыда — тобеден батысқа қарай ауық тұр. Осы екеуі коктегі жұлдыздардың (Сүмбіледен кейінгі) ең ірісі. Етектеп, көкжиекке төніп тұрған Жетіқарақшы да кідірмей козге шалынды. Міне, Темірқазық, Ақбозат, Кокбозат, Күзетші, Арқан жұлдыздары. Мұның бөрі бір маңда. Күншығыс жаққа коз тастап, таяқ бойы котерілген Үркерді кордім. Биікте тұрып қарағанда, ауа ашықта, әсіресе Ай қараңғыда, шіркін, жұлдыз самсаған кок күмбезі қандай корікті! Түн қараңғысы әбден жеңгенде, көз үйрене келе ең соңында Босаға мен Темірқазық арасынан қаптаған майда жұлдыздардың шұбырындысы козге ілінді. Аспан ілбіп айналып бара жатқан сияқты. Жұлдыздар Темірқазықты шыр айнала, бірін-бірі аңдып, бірін-бірі қуып жүргендей. Біз де желе-аяңдап келеміз. Жолдасым еңді аспан ертегісіне көшті.

…Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған бау кеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң қылмысы басынан асқан жеті ұры жеткізбей аспанға қашып шыққан. Бастаған алдыңғы төртеуі, ана артындағы үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың құйыршығы. Ана екі бүйірдегі екі жарық жұлдыз екі батыр. Сонау көрінген қатар екі жұлдыз Ақбозат пен Көкбозат батырлардың аттары. Олар Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да әне корініп тұр. Аттар Темірқазықты айнала оттайды. Оларды андыған жеті ұры да, түнімен төңіректеп, айнапып жүреді. Ұрылар қайтсе де осы аттарды түсіріп алмақшы. Сақ күзетші аддындағысынан көз жазбайды. Сөйтіл жүргенде таң атады. Таң атысымен Жетіқарақшы көзден тайып, тасаланады. Ертеңіңде тағы солай болады.

Ұрылар жетеу ғана емес. Қалың жау — қырыққарақшы алыста торуылдап жүр. Анау Босаға мен Жетіқарақшының арасынан көрінген ұсақ жұлдыздар Қырыққарақшы жұлдызы. Жетіқарақшы олардың барлаушысы. Алдымен батырлардың мықты аттарын қодға түсіріп алып, Қырыққарақшы содан кейін едді шаппақшы.

Жолдасым Жетіқарақшы ертегісін айтып түгесті. Ұрылар міңгестіріп жүрген Үркер қызы да, әрине, ұмытылмады. Бұл көне аңыздарды өз құлағыммен неше қайтара естігемді, тау қуысындағы ескі жұрттардың тамтығын да талай көргенмін-ді. Сүңгі найзаның, садақ оғының үштері дейтін тотық істік темірлерді әр жерден тауып алатынбыз. Бұрынғы батырлардың болат сауыттарын да кебеже түбінен ара-тұра көріп едік. Сирақты шиті мылтықтар екінің бірінде, ал сойыл-шоқпарлар үй сайын болатын. Осының бәрі жаугершілік замаңдарды елестететін сарқыншақтар.

Қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған бейбіт күндер қазақтың түсіне кірмесе, сонау бастан кешкен тарихында болмаған да шығар. Ат үстінде тынығып келе жатқан басым өткенді сараптап, жердегі мен көктегіні септестірмекші болды.

Жетіқарақшы ертегісі туралы

Жетіқарақшы ертегісінің қысқаша мазмұны күллі елге мәлім, ал әуел баста ол өз алдына кішігірім поэма болған шығар. Әңгімеге арқау болған дүние полюсі (Темірқазық) төңірегіндегі жұлдыздардың көрінетін (айналмалы) қозғалыстары. Ал, оның сюжеті жаугершілік замандағы халықтың көшпелі тұрмысымен ұласып жатыр. Бұл нағыз реалистік шығарма. Осы ертегіні шығарған сан рет сарылып түн күзетіп, асынған жаумен аңдысқан зейінді еңбекші жұрт. Көне ертегі заманның әуеніне қарай, айтушының парасатына қарай азды-көпті түрленді: кей жерлері тозығы жетіп, ұмыт болды, кей жерлері жаңғырып жамалды. Ұзын-ұрғасы, желісі келіп бізге жетті.

Көкейіңе қонатын осы аңыз, жұлдыздардың төуліктік қозғалысының көрінісін поэзиялық түрде жақсы қисындырып түсіндіреді. Мұны бір естіп, ондағы аталатын жұлдыздардың қозғалыстарын аспаннан көрген кісі қашан болса да оларды жаңылмай тани алады. Ал Темірқазық пен Жетіқарақшыны айыра білудің практикалық маңызы бар: жорық жагдайында, мал бағу тәжірибесінде олар әрқилы жер тараптарын, уақытты жуықтап бағдарлап білуге болады.

Жұлдыздардың тәулік сайын туып, батуы, Жетіқарақшы сияқты жұлдыздардың Темірқазықты айнала қозғалуының бәрі шынында біз тұрған Жердің өз осін тәулік сайын бір айналып тұруынан болатын құбылыс. Бізге жер қозғалмай тұрып, аспан айналған сияқты болып көрінеді. Ал, Темір-қазық өзге жұлдыздардан гөрі дүние полюсіне жақын тұрады да, түні бойы бір орыннан қозғалмайды деуге болады. Оның Темірқазық аталуы да сондықтан болған. Полюстен қашығырақтағы жұлдыздардың бәрі де тәулік сайын туып, батады. Ал Жетіқарақшы, Кассиопея (Қарақұрт жұлдызы) сияқты полюске жақын шоқжұлдыздар батпайды, яғни көкжиек астына түспейді. Жетіқарақшы (Жеті ұры) деп аталуы да содан. Ел аңызы бойынша жұлдыздың көкжиек астына түсіп батуы — оның тынығып «ұйықтағаны». Жетіқарақшы жатқанның жамбасын кескен ұры болғандықтан түнімен «ұйықтамайды» (батпайды), ал күндіз көрінбей жоғалып кетеді. Осы мінездерімен ол түнімен торуылдап, таң ата жасырынатын ұрыға ұқсайды. Ақбозат пен Көкбозат есімімен аталған екі жұлдыз ғылым тілінде Кіші Аю (Малая Медведица) дейтін шоқжұлдыздардың белгіленетін жарықтау екі жұлдызы. Осы Кіші Аюдағы жұлдыздардың орналасу пішіні де ертегінің мазмұнымен мұндай үйлесер ме? Олар Жетіқарақшыдан гөрі дүние полюсіне жуық (ішкері) тұрады да, а жұлдызы қағып қойған қазықтай көрер көзге жылжымайды, ал енді бір үш жұлдызы арқанша шұбатылып әлгі «қазықтан» бастап Ақбозат пен Көкбозатқа шейін тізіліп барады. Сонда бұлардың жөне Жетіқарақшының «қазықты» айнала қозғалыстары, жердегі күзетшілердің көзі қанық құбылыстарының тапжылмайтын айнасы болып шығады.

Жетіқарақшыдан гөрі ішкерілеу екі аттың сыртын ала, оларға тұспа-тұс тұрған бір жұлдыздың (Дракон шоқ жұлдызындағы) тұрысы дәл күзетшіге лайық, ол Күзетші жұлдыз.

Ақбозат пен Көкбозаттың өкпе тұсындағы екі ірі жұлдыз (Капелла мен Вега) батырлар емей немене? Аспанның осы солтүстік алқабындағы көзге шыққан сүйелдей ең жарық жұлдыз әлгі екеуі. Айдасон, Ағласон деген аттарына олардың жүрістері сайма-сай: олар жосығып «ағып» бара жатқандай тез жүреді.

Молотилканың жоқ кезіңде қырмандағы бидайды атпен бастыратын. Сонда қосақтап тізген жылқылардың ортадағылары аяңдап, әріректегілері желе шоқырақтап, ең шеткергілері шауып жүреді. Осы тәрізді Темірқазық төңірегіндегі жұлдыздар арқандаулы аттардай ілбіп жүреді де, ал әлгі полюстен жырақтағы екі жарық жұлдыз ызғытып отырады.

Айдасон мен Ағласон, ертегінің сюжетімен жақсы қабысатын, жадында мықты сақталатын поэзиялық есімдер31. Бұл сөздердің түп атасы, әрине, «айдау», «ағылу». Осыдан енді батырлардың кейпін сыпаттайтын «Айдасын», «Ағылсын» деген астарлы есімдер шығу керек еді. Бірақ айтушы «сын» жалғауын өзгертіп, сөздерді көтеріңкі «сон» буынымен аяқтапты. Қандай ұсталық! «Айдасон», «Ағласон»! Әрі үндес, әрі қанатты. Тыңдаушыны елітіп, оның айызын қандыратын, айтушыны еліртіп, ертектің жанарын кіргізетін, батырлардың аруағын көтеретін мәнерлі есімдер.

Батырлардың өздерінің және олардың тақымдарындағы аттарының есімдері ұйқас, жарастықты болуы да ертегінің ұмытылмай келуіне, оның жаппай жайылуына көп сеп болған шығар.

— Ақбозат ақ жұлдыз, Көкбозат көк жұлдыз, екеуі де үш жұлдыз арқылы Темірқазыққа арқандаулы тұрады Ақбозатқа лайық жұлдызының түсі (спектрі А2,түс көрсеткіші +0,007)  ақшыл екені рас,  ал,  бірақ  «Бетта» жұлдызының түсі (спектрі К4, түс көрсеткіші +1,5) көк емес, сарғыш. Оны Көкбозат деп ұқсастық үшін айтқан.

Қырыққарақшы деген де жұлдыз бар

Аспанның жұлдыз картасына көз салсақ, Темірқазық, Жетіқарақшы, Босаға арасындағы кең атырап ойсырап, жұлдызсыз бос түр. Картадағы осы бос атырап, елсіз-күнсіз жердегі құлазыған ку дала сияқты.

Бірақ аспанның бұл кең өңірі жұлдызсыз емес. Дәл осы атыраптағы көрер көзге ілінеп-ілінбес болып, шұбырған майда жұлдыздарды малшылар Қырыққарақшы жұлдызы деп атап, соларды мәйек етіп, аспан ертегісінің ұйтқысына жаратты. Олардың көрінуі де түн күзетінің айрықша бір кезендеріне байланысты.

— Түннің ұзарған кезінде, іңірде Қырыққарақшы солтүстікте, Темірқазықтан төменірек тұрады. Қырыққарақшы екі-екіден тізбектеліп, Жетіқарақшы мен Босағаның арасынан созылып өтеді.

— Жазғытұрым болады, іңір шапағы әбден сөнген соң ел тәтті ұйқыға батады. Тек жылқышы жылқыда, күзетші ауылда ұйықтамайды. Міне, сол кезде ғана Қырыққарақшы туады. Ол, Босағадан Темірқазыққа қарай екі-үштен шұбатылған, із тәрізді, ұсақ жұлдыздар. Қырыққарақшы майда жұлдыз, ол тек халық талып ұйықтап, әбден тыншыққанда туады, сөйтіп түн ортасын білдіреді.

—   Босаға жазға салым таң ата батады, ол Күннен қорықпайтын өткір жұлдыз. Ал Қырыққарақшы жиектен шықпайды, ақтаңлақ батқан соң төбенің өзінен пайда болады және ол жиектен батпай соның өзіңде жоғалады. Күн сөулесінен мейлінше қорқады.

Қырыққарақшы таң ұзарғанда күздігүні де көрінеді, ал қыстыгүні мұнардан әрең байқалады. Осылай сипаттай келіп, айтушы ақтиіннің ізіндей етіп шұбыртып, Қырыққарақшының қағазға суретін де түсіреді. Қырыққарақшының жетеуі көрініп тұрады, өзгесі майда, көрінбейді. Жетеуі Ақбозат, Көкбозатты аламын деп, оларға тақау тұрады. Қырыққарақшы Жетіқарақшы маңыңда, ол да батпайтын жұлдыз.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.