«Жеті жарғы» туралы реферат

Главная » Рефераттар » «Жеті жарғы» туралы реферат

Ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиетте «Жеті жарғы» атауына қатысты әр турлі пікірлер бар, бірақ олар ғылыми қауым тарапынан толық қолдау таба қоймаған, бір-біріне кереғар келіп жататын жорамалдауларға негізделген. Бұл төңіректе әлі де даулы мәселелер көп болғандықтан біз осы атауға қатысты жасалған этимологиялық талдаулар мен тусініктердің негізгі бөлігіне ғана тоқталып кетеміз. «Жеті жарғы» атауын алғаш рет Әз Тәуке хан тұсындағы қабылданған заң ережелеріне қатысты қолданған Н .И. Гродеков. Ол ұзақ уақыт Түркістан генерал-тубернаторлығына қарасты Сырдария облысының әскери губернаторы қызметін атқарып, сол кезеңде қазақ әдет-ғұрып, заң ережелеріне қатысты деректерді мол жинайды. Н.Гродеков пікірінше «Жеті жарғы» Қасыммен Есімхандардың заманындағы қазақтьщ ескілікті зандарының негізінде жасалған: «ХанТауке собрал наурочище Культобе (в Сырдарьинской области) семь биев, в числе которых был знаменитый бий Толе Алимбеков, и эти бии соединили старинные обычаи ханов Касыма и Ишима (Қасым ханньщ қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы) в новые обычаи, называемые — «жеты жарға». Н. Гродеков осы тақырыпқа тағы да айнала берісте соғып «Жеті Жарғыны» түзген билердің «жарғыш» атанғанын да хабарлайды. Бұл біздің пікірімізше аса мәнді дерек: «При хане Тауке собрались семь биев? «жеті жарғыш». «Жеті жарғы», «жарғыш» атауына қатысты әр түрлі пікір-деректердің ішінде Н.Н.Гродеков мәліметтері өзінің қисындылығымен де, толыққандылығымен де бірінші орында тұрса керек. Екінші бір көңіл аударатын мәлімет А.Леонтьевтің «Обычное право киргиз» {1890) еңбегінде кездеседі: «Правда, ханом Тауки (Тявки) учреждено было, по народным преданиям, собрание из семи биев, как высшее судилише. Но оно действовало только при этом хане». «Жеті жарғы» туралы осы тусінікті кейіннен Л.А.Словохотов толықтырып «Народный суд обычного права киргиз Малой Орды» еңбегіне еңгізді. Осы еңбекте, біздің ойымызша алғаш рет, Жеті жарғыға байланысты «уложение» деген сөз қолданылады: «семь биев…составили уложение, целиком основанное на древнем народном обычае — адате и тогдаполучившее название — «Джеты Джарга». Л.А.Словоохотов «жеті» сөзінің тек мемлекеттік кеңестегі билердің санын ғана білдіріп қоймай, толықтықты, кәмелетті, бүтіндікті білдіретін ұғым есебінде пайдаланылғанын жазады: «Джеты по киргизскии (казахский — ЖЛ.) означает «семь» — число у всех народов Востока, вчитавшееся выражением полноты, совершенстваи авторитетаости. Джаргадат падежотдзар (тат.) или дзор (монг.) — известие, объявление, публикация, обнародование, воззвание, ср. другую транскрипцию — «жеті жарығы» — т.е. «семь святил его» (т.е. Тявки)». Автордың «жеті» сөзінің мағынасына дұрыс бойлағаны көңілге қонады, ал сол кездегі қазаққарияларының «жарғы» созін «жарығы» деп түсіндіргені қателік болған. Себебі «жарығы» (жарық) созінің «жарғыға» еш қатысы жоқ, бөлек мағыналар. XX ғасырдың басында қазақ тарихының ең бір күрделі де қызық мәселелері туралы жазған А.П.Чулошников «Жеті жарғыны» Шыңғыс хан заманындағы «Ұлы Жасақ» (Великая Яса) тәртібімен салыстырады, оның пікірінше «Жеті жарғы» қазақ халқының ұзақ өмірінен бір тамаша нәтиже, азаматтық және қылмыстық құқық туралы түсініктерінің жиынтығы: «В самом деле, подобно «Великой Ясе» Чингис хана и казак-киргизское обычное право, систематизированное Тявкою, заботилось тоже не столько о предупрежцениях преступлений, сколько об их ближайшем наказании». «Жеті жарғы» атауының мағынасы туралы А.П.Чулошников пікірі Н.Гродеков жазғандарымен үндес: «…ханТявка, особенно чтимый всеми казак-киргизами, собрал наурочище Культюбе (в пределах нынешней СырДарьинской области) семь биев во главе с знаменитым бием Туле Алимбековым и вместе с ним составил уложение, целиком основанное на древнем народном обычае — адате и тогда же получившее название — «Джеты-Джарга», т.е. «Обявление семи». Қазақ ғалымдарының ішінде «Жеті жарғы» туралы алғашқы пікір білдіргендердін бірі академик Ә.Х. Марғұлан «Жеті жарғыны» әуелі жеті жарғыш, жеті, яғни жеті әділ, қара қылды қақ жарған билердің билігі дегенді қолдады. Сонымен бірге Ә.Х.Марғұлан «Қазақ совет энциклопедиясындағы» «Жеті жарғыға» арналған мақаласында оның мазмүнының жеті турлі ережеден құралатындығы жайлы жазады. «Жеті жарғыға» кірген ережелер жетеу. Олар: I. Мүлік заңы; 2. Қылмыс заңы; 3. Әскери заң; 4. Елшілік жоралары; 5. Жұртшылық заңы; 6. Жесір дауы; 7. Құн дауы».
Ә. Марғұланның «Жеті жарғы» мағынасы туралы қарама-қайшы екі пікір айтуы кездейсоқ па? «Жарғыға» қатысушы билердің саны ережелердің саныменнеге тең болуыкерек деген шартжоқ. Меніңойымша «Жеті жарғы» бұрын соңды қолданыста болған заң жобаларын жүйелеп, оньщ басын қосып жетеуге жеткізді деп қабылдау ешқандай дәлелге негізделмейді. Ғылыми әдебиетге кейде «Жеті жарғы» мағынасына байланысты тіпті үшқары пікірлер де айтылады. Оның негізгі себебі зерттеушілер «жарғы» сөзінің мағынасына бойлай бермегендіктен туындайды. Мәселен С.Е.Толыбековтың қазақ көшпелі қоғамына арналған кітабында «жарғы» сөзі «жорға» деп беріледі: «Первый свод народных обычаев под названием «Джеты—жарга», составленный семью биями при хане Тауке…». «Жарғы» және «жорға» сөздері бір-бірінен мағынасы бөлек атаулар. «Жарғы» — коне түрік тілінде жарлық, билік, шешім деген мағьгна береді, жорғаньщ қандай қатысы болуы мүмкін. М.Қашқари сөздігінде «жар» — (йар) сөзінің мағынасын — жару, жарғыш үғымдарымен тікелей байланысты қарастырылады. Қазақ тіліндегі «жар» созінің түпкі мағынасы моңғолдың (қалмақтың) — «зар» сөзімен ортақ. Мәселен моңғол тілінде «зар»— жар, хабар деген мағынада. «Зар тараах—жар, хабар тарату болып аударылады. Сонымен қатар «Зардан» туындайтын «зарга»—дау айтыс, талас, тартыс, сонар дау, егес, жанжал» мағынасын береді. Ал енді «зарға шүүх» сөзі дауды тексеру, дау кесу, шешім мағынасында айтылады.
Моңғолдың «заргач» сөзі қазақтың «жарғышымен» төркіндес, дауға, билікке қатысы бар адам туралы айтылады. Соңғы жылдары ғылыми әдебиетте «Жеті жарғыны» жеті билік, жеті ереже мағынасында қолдану көбірек кездеседі. Т.И. Султановтың осы тақырыпқа жазылған еңбегінде «В истории права ханского периода известен только один законодательный памятник — «Жети Жаргы» (Семь установлений) — деп аударылған. Бұл біздің түсінігімізше шартты атау, біздің қольмыздағы ешқандай дерек Әз-Тәуке хан заманында қабылданған заңдардың жетеумен шектелгенін айтпайды. Екіншіден дәстүрлі әдет-ғүрып зандарында ережелерді белгілі бір қағидаттармен (қылмыстық, азаматтықт.б.) жүйелеу кездесе қоймайды. «Жеті жарғы» жайлы» деп аталатын соңғы жылдардың жақсы бір еңбегінде академик С.З.Зиманов пен Н.У.Өсеров «Біздің пікірімізше «Жеті Жарғы», «Жеті Жарлық», «Жеті дау», «Жеті шешім» деген ұғымды білдіреді. Оларға жер дауы, қун дауы, барымта, айып-жаза, алым-салық т.б. кірген» деп «жеті» мағынасын тек сандық тұрғыдан қабылдауды ұсынады. Авторлардың пікірінше «Жеті жарғы» билер кеңесіне тускен, талқыланған, шешілген жарлықтың, даудың т.б. жалпы санын береді. Жетіге қатысты осындай дүдәмал мәселелер болғанымен, ғалымдар Жарғы «мазмұны жағынан сонау Орыс хан, Қасым хан, Есім хан, қала берді моңғолдық «Жасақ» заңы үлгілерінен құралған» деп орынды пікір білдіред. «Жеті жарғының» мән-мағынасын толық түсіну үшін тарихи-этнографиялық мәліметтерді ғылыми айналысқа көбірек еңгізу міндеті осы жоғарыдағы шолудан туындайды. «Жарғы» сөзін жалпы кеңес, өкілетті билік, заң тудырушы орын есебінде қабылдау өте дүрыс болғанымен, «Жетіге» қатысты пікірлерді әлі де тереңірек қарастыру керек сияқты. «Жарғы» кеңес, заң мағынасында тарихи деректерден ертеден жиі кездеседі, ал «жетінің» орнында басқа сандарды кездестіріп қаламыз. Мәселен атақты саяхатшы Ибн Баттута 1333 жылы Хорезм әмірі Құтлық—Темір (ол кезде Хорезм Алтын орданың әкімшілік бөлігі) қабылдауында болып ордадағы «Жарғы» қызметі туралы мәліметтер береді: «У этого эмира было принято, чтобы каждый приходил каждый день в его приемную и садился на место, отведенное для него, вместе с ним факихи и писцы. Напротив него садился один из главных эмиров и с ним восемь старших тюркских эмиров и шейхов, называемых йаргуджи (жарғышы—Ж.А.). Люди обращаются к ним с тяжбами. Если дело относится к шариатс-ким, то по ним решение выносит кади, а по другим делам выносят решение эти эмиры. Их решения точны, справедливы, потому *гго их не заподозрят в пристрастии и они не берут взяток» (40, 76-бет).
Ибн Баттута суреттеп отырған Құтлық-Темір бектің Хорезмдегі билігі аздаған үзілістермен 1321 жылдан басталып 1368 жылға дейін жүрді. Алтын Орда мемлекетінің ірі басшыларының бірі , Өзбек ханға жақын болып келетін Құтлық-Темір Хорезм өлкесіндегі билігін жергілікті көшпелілер дәстүрінің үлгілеріне сүйеніп жүргізгені дау тудырмаса керек. Бұл кезең Хорезм өлкесінің аса гүлденіп түрған кезі, ибн Баттутаның өзі де кітабының бірнеше жерінде бұрынғы жағдайына қарағанда Хорезмнің көркейіп өскенін атап кетеді. Құтлық Темір бек сарайындағы «Жарғы» қызметі мемлекеттік жоғары сот деп атауға келеді. Сонымен бірге мемлекет ішіндегі ірі әмірлердің «Жарғы» қызметіне қатыстылығы мемлекетке аса қажет шаруалардың да осы отырыстарда талқыланатынын білдіреді.
«Жарғы» туралы шығыстың ұлы тарихшысы Рашид-ад-дин «Жәми ат-тауарих» беттерінде жазады. Түркі — моңғолдың ұлы тайпаларының бірі жалайырлар туралы айта келіп тарихшы жарғының моңғол үстемдігі түсында «би» мағынасында қолданылғанын жазады: «В эпоху Менгу-каана Мункасар-ноян, из рода джат (жалайыр ішінде — Ж.А.), был великим эмиром и старшим из судей. Причина его возвышения, степени и велика такова. В то время как Менгу-каан со своим отцом Тулуй-ханом и с войском возглавили поход на страну кипшаков и взяли их, — Мункасар-нойон этой войне проявил решительность. Менгу-каан поручил ему знатных кипчаков, дабы он увел их вперед и доставил в ставку (великого хана). В отношении этого он много постарался. (Кроме того) в то время, как потомки Гуюк хана задумали измену против Менгу-хана (Мункасар-нойон) был верховным судьей и, не взирая на лица и поднимаясь влечению (сердца), а подверг виновных наказанию…». Бұл мәтіннен де «жарғы» сөзі жоғары сот, әділ сот мағынасында қолданылатынын аңғаруға болады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.