Жоғарғы зерде және адамзат

Главная » Рефераттар » Жоғарғы зерде және адамзат

Сананың асқақтаған эволюцясына Рухани табиғаттың Рақаттануына қабілетті осы адамзат нәсілі үшін жердегі тіршіліктегі Жоғарғы Зерденің көріністерінің салдарлары қандай болады? Жоғаргы Зерде сияқты биік шығармашылық Күштің жердегі өмірге төмендеуі және оның Шынайы санасы осы өмірге толықтырылған, күн тәртібіне қойылған, бірақ басқаша маңыздылығы жоқ, басқа табиғатқа нәтижелі әсері жоқ тек ғана оның жаңа қыры немесе факторы бола алмайд ы. Олар адамзатқа түгелдей зор ықпалын тигізбей түра алмайды, тіптен бүл күш материалдық әлемде ешқандай түтасты өзгерістер әкелмесе де оның болашақ тіршілігіне түбегейлі өзгерістер әкелуі мүмкін. Бұл құбылыс, бұл өзгеріс өте зор және ол Жер бетінде Жоғарғы Зерде мен тіршілік Иелерінің Супраментальды нәсілін бекітіп ғана қоймай, ол ақылдың өзінде асқақтаушы және трансформацияланушы өзгерістер алып келуі мүмкін және міндетті түрдегі салдар ретінде адамның, ментальды тіршілік иесінің санасында түбегейлі әрекеттердің күрылымы мен оның өмірінің бағытында принциптік, формалық және тәсілдік өзгерістер алып келеді. Ол, сөйтіп, әрине адамга Супраментальды сана мен Супраментальды ақиқатқа жол ашады. Өйткені осындай трансформациялардың арқасында Супраментальды тіршілік иелерінің нәсілі калыптасты деу керек, жалпы адамзат нәсілінің өзі түбегейлі емес, бірақ біршама сананың кеңеюінің, алғашқы хайуандық жағдайдан денелік механизмдерге айналуы және сонымен қатар ментальдық және рухани қабілеттер мен күштердің дамуы арқасында пайда болган. Бірақ тіптен толық трансформациясыз Шынайы принцип білімді іздеген және оны жартылай ғана игерген бастапқы қараңгылықтың тіршілігін ауыстырар еді. Біз қазір адами ақылдың ақиқат пен адасушылықты араластырып, қараңғылықтың қызметшісі және көмекшісі емес, Нұр мен Білімнің күші болуы мүмкіндігін көреміз. Ақыл адамда өзінің шығу тегі бойынша бағынышты, шектеулі және Жоғарғы Зерденің ерекше көрінісі, Ақиқаттың барынша нүрланған ізбасары болып, барлық жалған әрекеттер оның бойынан кетуі тиіс. Осындай жағдай барысында барлық эволюциялық тәртіп пен баланс өзгереді және адам мен хайуандар арасында өтпес құз жар қалады және сананың хайуандықтан Құдайлыққа қозғалысында оны жеңудің ешқандай тәсілі жоқ дегенге қарсы шығуға болады. Эволюцияның шынайы принципі тіршілікте бар тәртіптерге жаңа принциптерді, деңгейлерді немесе кезеңдерді қосуы тиіс және ол орныққан өзгерістерге ешнәрсе қоспауы керек екенін тұжырымдауға болады. Адам пайда болды, бірақ хайуан хайуан күйінде қалды және ол жартылай болу бағытында қозғалған емес; адамның өмірі арқылы үй жануарларының өзіндік саналарының, қабілеттерінің немесе дағдыларының аздап өзгеруі немесе үйретулердің арқасында оның зердесінің тек аздап өзгеруі болды. Өсімдік хайуандық санаға одан да кемірек қозғалуы мүмкін немесе түрпайы Материя өзін тұжырымдап, қатынас жасаушы немесе түсінуші күйге айналуы мүмкін. Іргелі айырмашылықтар ғарыштық деңгейде өзгеріесіз қалады. Бірақ бұл жоққа шығарушылық жаңа адамзаттың барлығы бір деңгейде бо-лады дегенді білдіреді, дегенмен онда сананың жіктелуі мүмкін, ол өз кезегінде дамымаған элементтер мен жоғарғы хайуандардың арасындағы қашықтықтарды қысқартады, бірақ жартылай адамдық деңгейге жетпесе де жоғарырақ зерделілікке жетуі мүмкін, өйткені кейбір тәжірибелер көрсеткендей олар дамуға деген қабілеттіліктен толықтай ада емес. Бұл жіктеулер универсумдағы эволюциялық тәртіпті бүзбай азырақ дамыған адамдар өздерінің қазіргі жағдайында жаңа деңгейге өту мақсатына қызмет етеді. Әр түрлі тәртіптерді ажыратып түрған біршама секірісті көруге болады: материя мен өсімдік, өсімдіктер және төменгі хайуандар, хайуандардың бір түрі мен басқалары және бар уақытта көрініс беріп отыратын жоғарғы деңгейдегі хайуандар мен адамдар арасындағы үлкен айырмашылық. Сондықтан эволюциялық тәртіпте адам ақылы мен хайуандар арасындағыдай, жаңа адами тип пен ескі жеңуге болмайтын хайуандық деңгей арасындағыдай өте алмастай аралық немесе қашықгық болуы мүмкін емес. Дамыған Жанның жаңа адамзаттың біршама ғана дамыған типіне өтуі үшін кедергілер бола алмайды. Секіріс қазіргі кездегідей болады, бірақ ол хайуандықтан Қүдайлыққа емес, хайуандық ақылдан Жоғарғы Зердеге де емес, ол жетілуге үмтылған дамыған ақылдың секірісі болып табылады. Өйткені онсыз оянған жағдайға өтудің өзі мүмкін емес, бірақ жүзеге аспаған жоғарғы қабілеттердің толық паш етілуі бола қоймайды. Жер табиғатына Жоғарғы Зерденің енуінің нәтижесінің бірі Ақиқаттың Жоғарғы шығармашылық Күшінің төмендеуі эволюцияның заңын, оның әдістері мен ұйымдасуын өзгертуі мүмкін, ол кең элемент болуы тиіс және материалдық универсум күшіне білім арқьшы кіруі керек, жаңа жасампаздық істерде кеңейіп, тәртіпке көбірек әсер етуі керек. Оның бәрі қазір қараңғылықтағы эволюция болып табылады және ол өзінің баетауын бейсаналықтан алады және оның тіптен жоғарғы нәтижелерінің өзі қараңғылықтан аса алмайды, өйткені олар білімге жетуден гөрі білім туралы түсініктерге ғана ұқсайды. Егер адам дамыған хайуандар өздерінің ментальдылығын саналы ойлар арқылы өздерінің есіктерін ашатын болса, онда өзінің жоғарғы біліміне қажетті күштері мен құралдарын толығырақ дамыта түскен болар еді. Егер өсімдік өзінің алғашқы түпсаналық реакцияларын дамытып, кейбір қарапайым жүйкелік сезімталдыққа жетсе, егер материя өзінің бойында жасырынған күштерді анықтап, барынша барлық нәрселердің жасырын сырларын ашып беретін болса, мәселен, бейсаналықта мүлгіген өткен оқиғалар жаңа адами зердеде нәзік кабылдауларға ұшыраса, онда болашақта үлкен дамуға алып келетін үлкен өзгеріс болар еді. Бірақ оның бәрі әмбебап тәртіпті бұзу емес, тек асқақтату деуге болады. Эволюция бұл жағдайда қирамас та, өшпее те еді, ол, керісінше, барынша дамитыны анық. Бізге адам ментальдылығының трансформациясының практикалық мүмкіндігін мойындап, теорияда түсіну қиын. Ол туралы мен өзгеріс ретінде айтып өттім. Ол Супраментальды шынайы сананың жетекшілігімен табиғи түрде жүзеге асады, өйткені біздің ақыл туралы түсініктеріміз бейсаналықтан туындайды және ол алдымен толық білімсіздіктен басталып, бірте-бірте жоғарғы деңгейге дейін жетеді, бірақ оның көлемі де толық емес және әдісі жеткіліксіз, сондықтан өзінің шекеіз алыстағы Абсолютіне ұмтылған сананың қажеттіктерін толық қамтамасыз ете алмайды. Өзінің қазіргі кезеңдегі эволюциясындағы ақылдың көрініп тұрған жетілмеушілігі мен шектеулілігін біз оның табиғатының бөлігі деп есептейміз, бірақ шын мәнінде оның айғақтаған шекаралары толық эволюциялық дамудың тек уақытша шектері мен өлшемдері болып табылады. Әдістер мен қүралдардың жетіспеушіліктері — оның жетілмегендігінен туындаған кемшіліктер және олар оның болмысының конституциясына сәйкес келмейді. Өзінің құралдарымен жердегі денеде шектелген ментальды тіршілік иесінің қиын жағдайлардағы жетістіктері әдеттен тыс десек те, дегенмен ол нұрлы болашақта мүмкін болатын жетістіктерден әлде қайда төмен. Өйткені ақыл өзінің табиғаты бойынша қателіктерді ойлап табушы, өтіріктің әкесі, осы қабілетке жабысқан, өзінің жетілмеушіліктеріне байланған да емес, біздің адами кемшілікгерімізге сәйкес қазір жиі болатын күдікті өмірдің жетекшісі де емес. Өзінің шығу тегі бойынша нұрдың принципі және Жоғарғы Зердеден шыққан құрал. Осы шамада әрекет етуші болғанмен еркімен және белгілі бір мақсатқа сәйкес қабылданған ерекше іс-әрекеттердің нұрланған шекарасы, шексіздікке қарай кеңейе түскен шектіліктің жүмысы. Ақылдың осындай сипаты Жоғарғы Зердемен қатынаста ашьшады жэне ментальды болса Супраментальды білімнің көмекшісі жэне күралына айналдырады. Ол енді парасатпен шектелмей, Нұрдың күшін тек өзінде ғана емес, сонымен қатар өзіндік трансценденцияның қозғалысындағы сананың төменгі деңгейлерінде өзіндік ментальдық гнозиске, кішіленген мағынадағы Ақикатты нұрланған кейіпте түлетуге қабілетті бола алады. Асқақ Зерде, Интуиция, Нүрланған ақьш — міне менің Жоғарғы ақыл деп отырғандарым осылар. Жоғарыдағы жэне басқа да рухганған және азаттанған ментальдылықтың деңгейлері адам ақылындағы аскактанған нәрселерді, оның тазарған сезіміндегі, өмірлік күшіндегі және қимылындағы кейбір өзіндік қабілеттерді танытады және Жанның аеқақтауын тіршіліктің биігі мен шыңына дайындайды. Жаңа эволюциялық тәртіпті нәтижесін беретін өзгерістердің мәні осында; ол прогрестенген өрістің барынша кеңейгенін білдіреді және Жер табиғатына Жоғарғы Зерденің келуінің адамзатқа әсері туралы мәселеге жауап береді. Ақыл Жоғарғы Зердеден болса да ол екінші қатардағы мақсаттарға өз қимылдарында мамандана отырып оның күші, Нүр мен Білімнің принципі болып табылады. Ол дегенмен басқа қырымен танылады жэне ол бірте-бірте өзін Супраментальды принциптен, нұрлануды қолдап отыратын тікелей биліктен алшақтай түседі. Ол бұл бағытта Ақиқаттан әрірек алшақтай түскен сайын қараңғьшық пен өз әлеміндегі Жоғарғы күштің жасампазы немесе ата-анасына айналады. Бұндай құлдыраудың себебі Жоғарғы Зерденің ақьшды бөлуге қолдануында. Егер шығармашылық кажет етсе, онда бұл Бірліктің Көптікте және Көптіктің Бірліктегі көрініс танытатын қабілеті байкалады. Бірақ Бірігу ешқашанда ұмытылмайды және өзінің Көптігінде жоғалып кетпейді және ол оған тәуелді болса да ешқашан мәңгілік бірлікке үстемдік жасамайды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.