Жоғары дәрежелі нерв қызметі

Главная » Рефераттар » Жоғары дәрежелі нерв қызметі

Жоғары дәрежелі нерв қызметі адам мен жануарлардың үлкен жарты шар ми қыртысының физиологиялық заңдылығын зерттейді. Мидың бұл жоғарғы бөлімінің қызметі — жоғарғы жүйке іс-әрекетінің негізін құрайтын, яғни әртүрлі іс-әрекетті мінезді қалыптастыратын күрделі рефлекторлы процестерді іске асыру. Адам мен жануарлар тіршілік ету үшін сыртқы ортамен хабар немесе сигналдар арқылы үздіксіз байланыс жасайды. Бұл сыртқы дүние мен организмнің екі ортасында болып жататын байланыс үздіксіз шартты рефлекс түрінде іске асады. Жоғарғы дәрежелі нерв қызметі жөніндегі ілімді жасақтауда И.М.Сеченовтың еңбегі айрықша бағаланады. Алғашқы рет орыстың атақты физиологы И.М.Сеченов жануарлардың, адамның мінез-құлқы, оның санасы мен ақыл-ойының ең күрделі көрністері, мидың рефлекторлық қызметімен байланысы туралы батыл болжам ұсынды. «Бас миының рфелекстерГ (1863) деген еңбегі жарық көргенше, оқымыстылар психикалық құбылыстарға дұрыс физиологиялық талдау жасай алмады. Сеченов өзінің осы еңбегінде адамның психикасына материалистік физиологиялық көзқарас тұрғысынан түсінік берді және бас миының экспериментальды физиологиясының негізін салды. Бас миының нағыз шын физиологиясын жасақтау И.П. Павловтың үлесіне тиді. Ол өзінің экспериментальды жұмыстарының бастапқы кезеңдерінен бастап организмдегі жүретін процестердің нервтік реттелуінің механизмін зерттеуге үлкен көңіл бөлді. Оның жануарларға ешбір зиян келтірместен сілекей бездерінің қызметін зерттеуге негізделген фистулл қондыру тәжірибесі зерттеудің негізі экспериментальдық әдісінің бірі болды. Павлотың шартты рефлекстер жөніндегі ілімінің баға жетпес маңызы тек физиология үшін емес, сонымен бірге психология, педагогика ғылымдары үшін де үлкен маңызы болды. Жаңа ғылыми мәліметтерге негізделген жоғарғы дәрежелі нерв қызметі жөніндегі ілім диалектикалық материализмнің негізгі бір бөлімі болып, мидың қызметі мен оның даму заңдылықтарына экспериментальды түрде диалектикалық тұрғыдан түсінік берді. И.П.Павловтың алдыңғы қатарлы материалистік ілімі биология мен медицинада революциялық төңкеріс жасап, идеализмге қарсы күресетін негізге күшке айналды. Материалистер адамның санасы, оның іс-әрекеті жоғарғы дәрежеде дамыған материя- мидың қызметіне байланысты деп санады. Жануардың нерв системасы ең жоғарғы дәрежеде дамыған кезде сана пайда болады. Олай болса материя
алғашқы да, сана соңғысы болып табылады, ал идеалистер адамның іс-әрекеті , психикасы, материалистік емес, адамның басқаша бір көрінісі деп түсіндірді. И.П.Павлов жоғарғы дәрежелі нерв қызметі және төменгі дәрежелі нерв қызметі деген түсінік енгізді. Жоғарғы дәрежелі нерв қызметінің орталығы үлкен жарты шар ми қыртысында орналасса, төменгі дәрежелі нерв қызметінің орталығы мидың төменгі бөлімінде жатады. Жануарлардың жоғарғы дәрежелі нерв қызметі шартсыз және шартты рефлекторлық реакциялардан тұрады. Олай болса жоғарғы дәрежелі нерв қызметі бас миының жоғарғы және төменгі бөлімдерінің біріккен қызметі деп қарастырылады. Бірақ И.П.Павлов кезінде былай деген болатын белгілі әдейі жасалған жағдайда мидың үлкен жарты шар бөлігінсіз де мидың басқа бөліктерінің қатысуымен шартты рефлекторлы реакциялардьГ қалыптастыруға «болады*. Оның осы ғылыми айтып кеткен пікіріне сәйкес көптеген оқымыстылар үлкен жарты шар ми қыртысы алынып тасталған мысық, үй қояны және иттерге вегетативті шартты рефлекторлы реакцияларды тәжірибе жүзінде іске асырған. Сонымен бірге кейіннен И.П.Павловтың шәкірттері үлкен жарты шар ми қыртысының қатысуынсыз шартты рефлекторлық реакциялар жасақталмайды деген заңдылықтың барлық уақытта дұрыс бола бермейтіндігін дәлелдеген. Оған куә жәндіктер мен аквариум балықтарына жасақталған шартты рефлекторлы реакциялардың жасақталуы. Бірақ кезінде Павловтың өзі де бұл жөнінде өзінің пікірін брлжап айтып кеткен яғни мидың үлкен жарты шар ми қыртысы бөлігі жоқ жануарларғада жоғарғы дәрежелі нерв қызметін жасақтап қалыптастыруға болады, егерде оның тек нерв системасы болса болғаны. Сонымен жоғарғы дәрежелі нерв қызметінің негізі -шартты рефлекторлы реакциялар. Бұл реакциялар адам мен жануарлардың сыртқы ортадағы үнемі өзгеріп тұратын құбылыстарға бейімделу жағдайын іске асырады. Жоғарғы дәрежелі нерв қызметі — шартты рефлекстер болатын болса, онда олардың шартсыз рефлекстен қандай айырмашылықтары болады? Бас миы мен жұлынның қызметіне байланысты организмнің барлық рефлекторлық реакциялары -шартсыз рефлекстер. Алл шартты рефлекстер шартсыз рефлекстің негізінде, тіршілік немесе өмір сүру ортасын езгерту арқылы қолдан жасакталады. 1. Шартсыз рефлекстер табиғи, туа біткен, тұракты, белгілері мен. қасиеттері тұқымнан тұқымға беріліп отырылады. Шартты рефлекстер тұрақсыз, белгілері мен қасиеттері тұқымға берілмейтін, белгілі бір қолайлы жағдай жасау арқылы тіршілік ортасын өзгертіп, адамның тікелей катысуымен жасақталады. Мысалы: өмірге жаңа келген нәрестенің ауызына емізік салса бірден оның сору рефлексі іске аса бастайды нмесе тітіркендіргіш берілсе қозғалу реакциясымен жауап береді. 2. Шартсыз рефлекстің рефлекторлық доғасы өмірге дайын болып келеді, ал шартты рефлекстің рефлекторльіқ доғасы болмайды. Мысалы: сору рефлексінің рефлекторлық доғасы туа біткен күшінде болады. Яғни емізік ауыз қуысындағы тілде орналасқан рецепторды тітіркендіреді, пайда болған қозу импульсы тіл жұтқыншақ нервісінің афферентгі жолымен сопақша миға келеді де осы нервтің эфферентті жолымен қозу импульсы кері ауыз қуысындағы сілекей бездеріне келеді, оған жауап ретінде сілекей бөліну рефлексі іске асады. Осы уақыттағы сору рефлексінің рефлекторлық доғасы өмірге организммен бірге дайын келеді. 3. Шартсыз рефлекстер бас миының төменгі бөлімінің қатысуымен жасакталады яғни нерв орталығы мидың төменгі бөлімдерінің бірінде жатады. Шартты рефлекстер мидың улкен жарты шар ми қыртыс бөлімінің қатысуымен жасақталады. 4. Шартсыз рефлекстердің әр уақытта да түрлік мәні байқалады яғни бір түрге (класқа) жататын жануарларға тән реакциялар басқа бәріне де ортақ болады. Мысалы; сүткоректілер класының бір өкіліне тән белгілер мен қасиеттерінің заңдылығы басқаларына да ортақ. 5. Жалпы шартты рефлеқстердің сигналдық белгісі байқалады, яғни индиферентті сигнал түрінде берілетін тітіркендіргішке сәйкес реакция жасақталады, Бірақ оқымыстылар осымен қатар шартсыз рфелекстің де сигналдық белгісінің болатындығын тәжірибе жүзінде дәлелдеген, Осындай оқымыстының бірі И.П. Павловтің шәкірті П.К.Анохин. Ол граз деген құстың ұшып келе жатып шиқылдап дыбыс беруін клетканың гендік деңгейінен зерттеп, оның тұқым қуалайтын қасиеті анықталған.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.