Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің негізгі түсініктері

Home » Рефераттар » Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің негізгі түсініктері
Рефераттар Комментариев нет

Жануарлар мен адамның үлкен ми сыңарлары қыртысының әрекетін жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет (ЖДЖҚ) деп атайды. Жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет организмнің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына бейімделуін, демек, оның сыртқы ортамен күрделі қарым-қатынасын қамтамасыз етеді.
Жоғары дәрежелі жүйкелік кызмет жануарлардың мінез-қылығының нейрофизиологиялық негізі болып табылады. Оны үлкен ми жарты шарлары қыртысы, алдыңғы мидың қыртыс асты ядролары мен аралық ми құрылымдары қамтамасыз етеді. Функциялық тұрғыдан жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет жануарлардың сыртқы орта жағдайларына мүлтіксіз бейімделуіне мүмкіндік беретін табиғи туа қалыптасқан (инстинкт) және жүре пайда болған механизмдердің (шартты рефлекстер) жиынтығы болып табылады.

Мінез деп жануардың өзінің табиғи мұқтаждығы мен қоршаған орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін кұрделі әрекетін айтады. Ол-жануарға сыртқы орта мен өз организмінің ішкі күйін сезінуді, әртүрлі әсерлерге тиімді жауап беруді қамтамасыз ететін барлық процестердің жиынтығы. Бұл процестердің көпшілігі сыртқа білінбей, жүйке жүйесінің өзінде ғана жүреді, белсенді қимыл-эрекетпен жалғаспайды. Ал кейбір жағдайда, керісінше, жануарда мықты белсенділік байқалады. Осымен байланысты күні бүгінге дейін мінездік әрекеттердің түрлері (классификациясы) толық анықталмаған. Біраз зерттеушілер мінезді қоректік, жыныстық, қорғаныстық, атаенелік деп бөледі. Күнделікті тіршілікте мінездің аталған түрлері бір-бірімен үштасып, бірінен-бірі туындап жатады.

Жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет шартсыз және шартты рефлекстердің арақатынасына негізделген, сондықтан жануарлар дүниесінің даму жолында өзгеріп, күрделеніп отырған. Омыртқасыздар мен төменгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың мінезінде табиғи, туа қалыптасқан эрекеттер жүре пайда болған әрекеттерден басым болады. Жануарлар эволюциясына байланысты жүре қалыптасқан эрекеттердің үлесі артады да, ол жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің басым түріне айналады. Сонымен қатар шартты рефлекстер күрделеніп, байып, толықтырылып, жетіле түседі де, олар организмнің сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ететін реттеуші фактор болып шығады.

Сонымен, ЖДЖҚ — орталық жүйке жүйесінің, атап айтқанда үлкен ми жарты шарларының шартты рефлекстік әрекеті. Ол тұтас организм мен тіршілік ортасының арабайланысының дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. Жоғары дәрежелі жүйкелік қызмет жайлы ілімнің негізін орыстың ұлы ғалымы И. П. Павлов салған. Ол үлкен ми жарты шарының шартты рефлекстік әрекетінің негізінде үш принцип жататынын анықтаған. Олардың алғашқысы — құрылымдық принцип. Бұл принцип бойынша үлкен ми жарты шарларының кез келген физиологиялық әрекеті оның белгілі бір құрылымымен байланысты. Шартты рефлекстік байланыс мидың байырғы, бірақ іске қосылмай келген материялық субстратының іске қосылуынан туындайды. Жаңа уақытша байланыстың қалыптасуы нәтижесінде аталған материялық субстраттың физиологиялық қасиеттері өзгеріп, ол ми қыртысындағы анализаторлар орталығы мен эффекторларға импульс жіберетін орталықтар арасындағы өткізгіш жолға айналады.

Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің екінші принципі -себептілік (детерминизм) принципі. Бүл принцип бойынша үлкен ми жарты шарларының эрекеті белгілі бір сыртқы не ішкі әсердің салдарынан туындайды. «Басту көзі» жоқ шартты рефлекстік реакция болмайды. Сыртқы әсердің ерекшеліктері жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің сипатын анықтайды, соған себепкер боладьі. Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің үшінші принципі — талдау (анализ) және жинақтау (синтез) деп аталады. Организмге қалыпты жағдайда бір мезгілде бірнеше тітіркендіргіш әсер етеді. Ми қыртысында осы тітіркендіргіштер жіктеліп, олардың негізгі элементтері, қүрамдары анықталады. Осындай талдаудың нэтижесінде заттардың қасиеттері: түсі, пішіні, иісі, температурасы, т.с.с. анықталады. Талдаудан кейін жинақтау процесі жүреді де, тітіркендіргіштің жеке элементтері топтастырылып, жинақталады. Заттың жеке қасиеттері сол заттың түтас бейнесіне, нақтылы түйсікке айналады. Мысалы, тамақтың иісі, түсі, дэмі, бейнесі ми қыртысында талданады да, белгілі бір астың түйсігі пайда болады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.