Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің типтері

Home » Рефераттар » Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің типтері
Рефераттар Комментариев нет

Жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің типтері (нұсқалары) деп жүйке жүйесінің жеке дарақтарға тән қасиеттерінің жиынтығын айтады. И. П. Павлов ілімі бойынша жоғары дәрежелі жүйкелік қызметтің жеке сипаттары қозу мен тежелу процестерінің пайда болып, өршу ерекшеліктеріне байланысты. Бір текті тітіркендіргіштер тіркесіне бір түлік мал өкілдері негізінен бірдей реакциямен жауап қайтарады. Дегенмен, мұқият бақылағанда әрбір дарақтың тек өзіне ғана тән өзгешеліктері болатынын байқауға болады. Мысалы, бір атқорада бағылатын жылқылардың жылқышының жем үлестірер кезіндегі әрекеттеріне реакциялары әртүрлі келеді: бір жылқы тыныш тұрса, екіншісі жерді тарпып, осқырынады, үшіншісі бір орында тұра алмай, әрлі-берлі қозғала бастайды, т.с.с. Мал реакциясындағы бүл ерекшеліктер оның жүйке жүйесінің қасиеттерімен байланысты. Өз кезегінде жүйке жүйесінің қасиеттері ОЖЖ-де пайда болатын қозу жэне теже-лу процестерінің арақатынасына сэйкес қалыптасады. Әр малда қозу жэне тежелу процестері бір деңгейде атқарылмайды. Олар күшімен, теңдестігімен жэне жылжымалылығымен ерекшеленеді. Осы қасиеттер арақатынасындағы өзгешеліктер жоғары дэрежелі жүйкелік қызметтің типтік ерекшеліктерінің негізіне алынады.

Жүйкелік процестердің күші ми қыртысы торшаларының жүмыс қабілетімен, олардың ұзақ әрі ауыр жүмыстарға төзімділігімен анықталады. Бұл қасиет қыртыс торшаларының жұмысқа қабілеттігін сипаттайды да, дұрыс не бұрыс шартты рефлекстер қалыптастыруға қажет тітіркендіргіштердің ең жоғары күшімен бағаланады. Жүйкелік процестер күшті немесе әлсіз болуы мүмкін. Кейбір иттерде шартты рефлекстер әлсіз тітіркендіргіштерге де, күшті тітіркендіргіштерге де оңай қалыптасады, ал басқа біреулерінде күшті тітіркендіргіштер әсерінен, керісінше, шектен тыс тежелу туындайды. Оларда шартты рефлекстер тек әлсіз және орташа күші бар тітіркендіргіштерге ғана қалыптасады. Организмге тым күшті тітіркендіргіш әсер етсе, онда жүйкелік процестері күшті жануар оған тиісті реак-циямен жауап береді немесе мұндай тітіркендіргіштің әсерін жұмсартып жібереді.

Жүйкелік процестердің теңдестігі қозу және тежелу процестері күшінің арақатынасымен анықталады. Егер жүйке жүйесінде аталған процестер күші бірдей болса, онда ол теңгерілген, ал бірдей болмаса, теңгерілмеген болып табылады. Жүйкелік процестері күшті, бірақ қозу процесі басым жануарларға күшті қозғыштық тән болады, оларда оң шартты рефлекстер жеңіл қалыптасады, бірақ жіктеу процесі өте нашар жүреді. Егер қозу процесі тежелумен салыстырғанда әлсіздеу болса, ондай жануарларда күшті тітіркендіргіштер көбінесе ми қыртысында тежелу тудырады.
Жүйкелік процестердің жылжымалылыгы қозу мен тежелудің бірін-бірі алмастыру жылдамдыгымен сипатталады. Бұл қасиетпен сыртқы орта жағдайына байланысты жануардың мінезқылығының өзгеру шапшаңдығы байланысты. Жүйкелік процестер жылжымалы (лабильді) немесе токыраңкы (инертті) болуы мүмкін. Жүйкелік процестердің жылжымалылығы жоғары болса, жануар сыртқы ортаның қүбылмалы жағдайларына шапшаң бейімделеді.

Жүйкелік процестердің қасиеттері жүйке торшаларының өзіндік күрылым ерекшеліктерімен байланысты. И. П. Павловтың пікірінше, жүйке торшаларының өзіне тән функционалдық қоры болады жэне ол торша эрекетімен байланысты шығындалып отырады. Күшті жүйке торшаларында функционалдық қор мол болады, сондықтан олар ұзақ мерзім бойына жоғары деңгейде қызмет атқара алады. Әлсіз жүйке торшалары ұзақ, күшті жүмысқа шыдай алмайды, олар функционалдық қорын тез шығындайды. Жүйкелік процестердің жылжымалылығы тек жүйке торшаларының қүрылым ерекшеліктері мен қасиеттеріне ғана емес, вегетативтік жүйке жүйесінің тонусына, гуморальдық реттеу механизмдерінің деңгейіне байланысты. Жоғарыда аталған жүйкелік процестердің үш касиеті — күші, теңдестігі және жылжымалылыгы жүйке жүйесінің типтік ерекшеліктерінің негізінде жатады да, жануардың мінез-қылықтық реакцияларына, организмнің жалпы тонусына, оның жүмыс қабілеті мен өнімділігіне әсер етеді. Жүйкелік процестердің күшіне, теңдестігіне және жылжымалылығына қарай И. П. Павлов жоғары дәрежелі жүйкелік қызметті төрт типке бөлген. Олардың біреуі әлсіз, ал қалған үшеуі — күшті. Күшті типтерді ол ұстамды және ұстамсыз, ал үстамды типтерді ширақ және инертті деп бөледі.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.