Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлау

Главная » Рефераттар » Жоғары сынып оқушыларын отбасы-некелік өмірге даярлау

Адамзат отбасы-неке қарым-қатынасына ежелден-ақ назар аударып келеді. Өткен заманның ойшылдары өз дәуірінің мүмкіндігіне қарай отбасын зерттеуге ұмтылды. Олар отбасының пайда болу, даму үрдісін т үсіндіруге; қызметін, даму заңдылықтарын, қоғамдағы орны мен өрістеуін анықтауға тырысты. Ежелгі грек философы Платон патриархалдық отбасын (яғни, барлық қарым-қатынастың өзегі — ата-ана және оларға толық бағынатын балалары бар отбасын) алғашқы және негізгі қоғамдық ұя деп есептеді. Оның пікірінше, мемлекет патриархалдық отбасылардың одаққа бірігуі нәтижесінде пайда болған. Платон 38 бұдан басқа келешек ұрпағының денсаулығын ойлаған жұбайларға нақты ұсыныс жасап отырды. Платон 20-дан 40 жасқа дейінгі әйелдер 55 жастан аспаған еркектерден ең мықты балалар туады деп есептеді. Ол әрбір 35 жасқа дейінгі еркектің үйленуін, ал одан жалтарғандарға айып салуды талап етті. Платон отбасының ішкі және сыртқы өмірін қатаң бақылауға алуды көкседі.

Платонның шәкірті Аристотель ұстазының отбасына деген көзқарасын сынады, алайда қоғамның ұясы және мемлекеттің негізі ретінде патриархалдық отбасы идеясын қолдап, дамытты. Аристотель отбасын мемлекетпен тығыз байланыстырды: “Әрбір отбасы мемлекеттің бөлігін құрайды, жоғарыда көрсетілген барлық адамдар отбасының бөлігі және жеке бөліктердің адамгершілігі б үтіннің адамгершілігіне сәйкес келуі тиіс, сондықтан балалар мен әйелдерді тәрбиелеуді мемлекеттік құрылысқа үйлесімді қатынаста қою қажет; лайықты құрылысқа ұмтылатын мемлекетке бұл парықсыз болмаса, онда лайықты балалары мен әйелдері болуы керек. Мұнымен санасу керек, өйткені әйелдер халықтың жартысын құрайды, ал балалардан саяси өмірге қатысушылар өсіп шығады”. Көптеген философтар мен ойшылдардың шығармашылығы олпрдың жұбайлық проблемасына көп көңіл бөлгенін дәлелдейді. Алайда, көбінесе қоғамдық қарым-қатынасты отбасылық қарым-қатынастан бөліп, отбасы мен мемлекеттің арақатынасына назар аударған; отбасын жеке әлеуметтік институт ретінде аз қарастырған. Мысалы, француз ағартушысы Ж.Ж. Руссо отбасы туралы былай деген: “Барлық қоғамдардың ең көнесі және жалғызы — ол отбасы… Сонымен, отбасы керек болса, саяси қоғамдардың болашақ үлгісі: әкім — әкеге ұқсайды, ал халық — балаларға”. Жоғарыда келтірілген француз ағартушысының пікірінен отбасы мен қоғамның әлеуметтік қызметі ұқсас және отбасы қоғамды қайталайды деген қорытынды шығады. Руссо, сөйтіп, отбасын халықты ұдайы өндіру, жас буынды әлеуметтендіру сияқты проблемаларды шешетін құрал ретінде ғана қарап, отбасы институтын жеңілдетіп жіберді. Немістің классикалық өкілдері отбасы-неке қарым-қатынасының мәнін өздерінше т үсіндіруге әрекеттенді. И. Кант “Әдет39 ғұрып метафизикасында” жұбайлықты заңдылық, өнегелік қарым-қатынас ретінде түсіндірді: “Еркек әйелді зат ретінде, яғни онымен таза хайуандық қатынаста болудан тікелей рахаттану үшін пайдалануды қаламайды.

Бұл жағдайда әйел де өзара тәндік жақындасуда адамдық бейнесін жоғалтпау үшін күні бұрын некеге тұруды қалайды”. И. Кант отбасы-неке қарым-қатынасын еркек пен әйелдің арасындағы қарым-қатынасты реттеу және заңдастыру тәсілі ретінде ғана қарастырды. Ол жыныстық қарым-қатынасты адамгершілік ережелермен шектеу керек, сондықтан отбасы мен неке қажет деп есептеді. Гегель отбасын үш жақтың: неке, отбасы меншігі және балалар тәрбиесі мен отбасының ыдырауы бірлігі ретінде қарастырды. Бұл жерде неке тікелей адамгершілік қарымқатынас ретінде анықталады: «Неке дегеніміз — адамгершілік қарым-қатынас». Бұрын, әсіресе, табиғаттық құқық туралы шығармалардың көпшілігінде неке табиғи күйінде қаралған. Оны тек жыныстық қатынас ретінде қарастырды, ал некеге басқа анықтама беру мүмкін болмады. Алайда, некені таза азаматтық шарт ретінде қарастыратын дөрекі түсінік Канттың өзінде де кездеседі. Шартта адамдардың бір-біріне қарымқатынасы белгіленеді және неке шартқа сай өзара пайдалану формасына дейін төмендетіледі. Тағы бір айыпталатын түсінік — неке тек сүйіспеншілікте деп есептеу. Сүйіспеншілік сезім болғандықтан, әртүрлі кездейсоқтыққа жол береді. Сондықтан, некеге дәлірек мынадай анықтама беру керек: Неке дегеніміз — заңды, өнегелі сүйіспеншілік. Сондықтан, көңіл-күйге байланысты барлық өткінші нәрсеге жол берілмейді. Адамзат тарихының көптеген ғасырлары бойында жұбайлық туралы философтар жеткілікті, әрі көп жазды. Бірақ, олардың көзқарасы негізінен өзіндік және ойша сипат алды. Тек әлеуметтану мен басқа ғылымдардың дамуымен отбасы институтын зерттеу ғылыми сипат ала бастады. Американдық әлеуметтанушы К. Г. Коллиер отбасы әлеуметтануының негізгі кезеңдерінің мынадай жіктелуін ұсынады: 1) зерттеуге дейінгі кезең (өткен ғасырдың ортасына дейін).

.
.

Бұл кезең негізінен отбасы дәстүрін, ауыз әдебиетін (фольклор), философиялық және көркем әдебиетті зерттеуге 40 арналды; 2) әлеуметтік дарвинизм кезеңі (ХІХ ғасырдың аяғы). Бүл кезеңде бірінші кезекте отбасы институтының эволюциясы зерттелді, тарихи және әлеуметтік-мәдени басшылықта күрделі теориялық қорытындылары бар еңбектер пайда болды; 3) “спонтандық” ғылым кезеңі (ХХ ғасырдың бірінші жартысы). Бұл кезеңде, бір жағынан отбасы және оның қоғамдағы рөлі туралы көптеген саудагерлік еңбектер пайда болса, екінші жағынан отбасы-неке қарым-қатынасы және олардың жеке сатыларының әртүрлі типтері туралы тәжірибелік мәліметтер жиналды; 4) жоспарлы теория жасау кезеңі (20 ғасырдың жартысынан бүгінгі уақытқа дейін). Бұл кезең — бұрынғы зерттеулердің нәтижесін жүйелеуге және отбасының болашақта дамуын талдауға негізделген сана-сезім кезеңі. Отбасы проблемасына ғылыми жақындаудың басы швейцарлық тарихшы З. Дауманның өткен ғасырдың ортасында жарық көрген “Ана құқығы” атты кітабы болды. Кітапта адамзат дамуының ерте кезеңінде ешқандай заңмен шектелмеген жыныстық қатынастың толық еркіндігі болғандығы айтылады. Дауман қоғам дамуының келесі кезеңінде билік әйелде болғанын (матриархат), кейін еркекке ауысқанын (патриархат) жорамалдайды.

.

Шотландиялық ғалым Ж. Коок-Гумпез еңбектерінің өз дәуірінде үлкен маңызы болды. Ғалым некенің үш формасын: көперкектік, көпәйелділік және бір некелік (моногамияны) анықтады. Ол, одан басқа экзогамдық неке (еркектер өзіне әйелді тек басқа тайпадан іздейді) және эндогамдық неке (еркектер өзіне әйелді тек өзінің тайпасынан іздейді) проблемаларын да зерттеді. Американ зерттеушісі, тарихшы және этнограф Л. Г. Морган өзінің “Отбасының туыстық және қасиеттік жүйесі” және “Көне қоғам” деген еңбектерінде адамзат тарихындағы отбасы проблемасына өзгеше көзқарас білдірді. Ол өзінің зерттеуінде отбасынеке қарым-қатынасының эволюциясына, тарихқа стихиялы материалистік көзқарас тұрғысынан қарап, көп көңіл бөлді. Морган адамзат тарихында үш кезеңді бөлді: жабайылық, мәдениетсіздік және өркениеттілік. Ол Ч. Дарвин ілімінің ықпалымен, адамзат дамуының алғашқы сатысы орда болды деген қорытындыға келді. Содан соң, оның орнына өзінің туысқандарымен топтық некеге негізделген қантуыстық отбасы келді. Келесі даму сатысы — пуналуалдық отбасы. Мұнда неке ағайындардың әйелдерімен тобын немесе әпкелі-сіңлілердің күйеулерімен тобын қамтиды. Морган осындай некені Солтүстік Америка үндістерінің ішінен байқаған. Пуналуалдық отбасының орнына жеке жұптық некеге негізделген отбасы келді. Одан кейін, бір еркектің бірнеше әйелмен некесіне негізделген патриархалдық отбасы келді. Соңғы саты — бір некелілік (моногамия). М. Меад таза оймен зерттеуге сүйенбей, этнографиялық материалды кеңінен қолдана отырып, отбасының өмірі мен эволюциясын зерттеуде бірінші болып әрекеттенді. Тарихта көне отбасының сипаты туралы мол, әрі дұрыс мәліметтер бар.

Мысалы, еврей отбасы бір некелі болды, дегенмен, көп әйел алу, тамырлық (некесіз жыныстық қатынас) та кездесті. Әке отбасында басшы болды. Отбасы көп санды болған. Күйеу некеге тұрарда қалыңдықтың ата-анасына белгілі мөлшерде ақша төлеуге міндетті еді. Иудаизм некесіздікті қасиетті нәрсені қорлаушылық деп есептеді. Көне Грецияда еркек, әдеттегідей, бір әйел алды. Егер әйел өзімен бірге жасау алып келмесе, онда мұндай байланыс тамырлық деп есептелінді. Еркек өз әйелінің, балаларының, тамырының, құлының қожайыны болды. Әйелдер әуелі еркектермен тең құқықты болған, кейін жағдай өзгерді. Әйелдер жұбайлық сенімді бұзғаны үшін еркектерге қарағанда қатаң жазаланды. Ескі римдік отбасының өзіндік ерекшеліктері болды. Мұнда бірнекелік басым. Алайда, некеден тыс байланыстар да аз болған жоқ. Отбасында әкенің беделі өте зор еді, балалар тек қана әкеге бағынды. Көне отбасының жағдайын сипаттай келіп, оның негізгі әлеуметтік қызметтері экономикалық, репродуктивтік, тәрбиелік, реттеушілік болғанын айта аламыз. Кейінгі заманда отбасының жағдайына христиандық күш ықпал етті. Ол бірнекелікті дәріптеп, көп әйел алушылық пен көп ерге шығуды айыптады.

ХІХ ғасырда, әсіресе, ХХ ғасырда дамыған капиталистік елдерде жұбайлық отбасы өмірінде жаңа белгілер пайда болды. 42 Некеге тұрарда материалдық, заттық себептердің әсері елеулі болғанмен, романтикалық сүйіспеншілік, серікті таңдау еркіндігі көп жағдайда шешуші факторға айналды. Қалыңдықты немесе күйеуді таңдарда бұрынғы заманға тән әкенің өктем шешімі өзінің бұрынғы мәнін жоғалта бастады. Ата-аналар балаларына демократиялық ұстаныммен қарап, әйелдер біртебірте азат болды. Отбасы мен неке проблемасына көп көңіл бөлген Э. Дюркгейм өзінің зерттеуінде былай деп жазды: “Жаңа уақытқа жақындаған сайын біз некенің қалай дамып барғанын байқаймыз. Неке жасаған байланыс жүйесі барған сайын кеңейді, мақұлданған мәліметтер көбейді. Некеге тұру, некені бұзу шарттары үдеген дәлдікпен анықталады. Әдепкі кезде тек әйелден, кейінірек екі жақтан да талап етілетін сенім міндеті қалыптасты. Жасау болған жағдайда жұбайлардың әрқайсысының өзінің мүлкіне және өзіне тиісті құқығы белгіленді. Заң жинақтарымызға қарасақ, онда некенің қандай орын алатынын білу қиын емес болады. Жұбайлардың одағы тұрақсыз болды. Бұл сыртқы, өткінші байланыс емес, ашыналық, өмірлік екі адамның мызғымайтын одағы”. Э. Фромм буржуазия заманындағы отбасы туралы оптимистік көзқарас танытпайды: “Некелік шарт әрбір тарапқа серігінің денесін, сезімін, көңілін пайдалануға ерекше құқық береді. Енді ешкімді жеңудің керегі жоқ. Сүйіспеншілік адам ие болмайтын бір нәрсеге, меншікке айналды. Жұбайлардың ешқайсысы енді сүйікті болып, сүйіспеншілік туғызу үшін ынтажігерін салмайды”. Осы екі пікір ХІХ—ХХ ғасырлардағы отбасы институтының жағдайын, осы күнге дейін шешілмей келе жатқан негізгі қайшылықтарын ашып, дәл анықтайды. Отбасы-неке қарымқатынасында болған үлкен өзгерісті елестету үшін әлеуметтанушы М. С. Мацковский ұсынған дәстүрлі және қазіргі отбасының типтерін салыстыру жеткілікті.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.