Жобалау əдісін информатикада қолдану

Home » Рефераттар » Жобалау əдісін информатикада қолдану
Рефераттар Комментариев нет

Жобалау əдісінің оқыту мақсаттарының ауқымы: «оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін, ақпараттық кеңістікте жөн таба білу іскерлігін дамыту, сын тұрғыдан ойлауын дамыту». Жобалар əдісінің мəні –белгілі бір білім жиынтығына ие болуды болжайтын жəне жобалау іс-əрекеті арқылы шешімін табуды алдын-ала ескеретін мəселелерге деген оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, алған білімдерін тəжірибе жүзінде қолдана білу икемділігін, рефлекторлық ойлауды (сыни тұрғыдан ойлауды) дамыту. Мəселе ойдың мақсатын белгілейді, ал мақсат ойлаудың үрдісін бақылайды. Рефлекторлы ойлау мəні –фактілерді əрдайым іздеу, олардың талдауы, олардың анықтығы туралы ойлану, жаңаны тану үшін, күмəннан шығу жолдарын табу үшін, фактілерді логикалық тұрғызу, дəлелденген пікірлерге негізделген сенімділікті қалыптастыру.

Жобалау əдісі біріншіден –қандай бір мəселені шешуді, екіншіден –нəтижеге қол жеткізуді болжайды. Егер информатикадан ұйымдастырылған ғылыми –зерттеу жұмыстарын өткізу əдістемесі оқу процесіне енгізілсе, қоғамдағы жəне табиғаттағы процестерді зерттеу элементтері мен ғылыми көзқарасы қалыптасып, информатика пəніне деген қызығушылығы артады. Оқушының оқу мүмкіндігі мен қажеттілігі, оқуға мүдделілігі толық іске асырылуы негізінде тұлғалық даму мүмкіндігі пайда болады. Өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды. Оқушылардың информатикадан алған теориялық білімдері мен біліктерін тексеру мақсатында – сыныптан тыс жұмыстарды, сайыс сабақтарын көп дайындау керек.

Сонда оқушылардың информатика пəніне деген қызығушылығы артады, өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасып, білім деңгейі жоғарылайды. Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мəн берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты –терең білімнің, кəсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін -өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру. Қазіргі кездегі негізгі міндет -ақпараттық жəне экологиялық қоғамда өмір сүретін қоғам мүшелерін даярлау. Осыған байланысты информатиканы оқытудың мақсаты олардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру, ақпаратты технологияларды оқыту мен білім беруді басқаруда пайдалану туралы білімді қалыптастыру, ақпараттық қоғамда өмір сүру мен еңбек етуге дайындау болып табылады. Елбасымыздың «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деген сөзімен аяқтай келе, болашақта жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыра мен тиімділігін арттыра түселік дейміз.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.