Жол көлік оқиғасын тергеуді ұйымдастыру

Главная » Рефераттар » Жол көлік оқиғасын тергеуді ұйымдастыру

Қазақстан Республикасында кейбір етек жайып бара жатқан қылмыстардың біріне жол көлік оқиғасына қатысты қылмыстарды қылмысын айтуға болады. Жол-автокөліктік оқиғасы бұл автокөлік транспортының жол қозғалысы барысында жол тәртібін бұзу салдарынан автокөліктің бұзылуы, жүктің бүліну және басқа да заттарға зиян келуі немесе қайғылы оқиғаларға әкеп соқтығысуы жөнінде айтсақ адамдардың денсаулығына зиян келуі немесе тіпті оның өлу жағдайларына әкеп соқтырады. Қазіргі жағдайда елімізде автокөліктің артуына және жүргізушілердің тәжірибенің аздығына байланысты жол көлік оқиғасының артып келе жатқандығын байқауға болады. Соңғы мәліметтерге жүгінсек бірнеше көптеген жол көлік оқиғасы болып оның ішінде мыңдаған адам өліміне жетіп отырғандығы бәрімізге мәлім. Атап айтқанда елімізде тәуелсіздік алғалы бергі 22 жыл ішінде жол апатынан 40 мыңға жуық адам опат болып, шамамен 500 мыңға жуық адам әртүрлі жарақат алған. Бұл статистикалық деректердегі көрсеткіштер. Өткен жылдың өзінде республикамызда 15 мыңнан астам жол көлік оқиғасы орын алып, 2 мыңнан астам адам­ның өмірі қиылған. Қара жолдағы осыншама қасіреттің белгілі бір себептерін дөп басып айту қиын. Мыңдаған адамның шаңырағын шайқалтып, отбасын қара жамылдырған қандай жағдай екені әркімді-ақ алаңдатады.

Транспорт құралдарының соғысу механизмінің анықтап дәлелдеуде оның болу жағдайы мен кезеңдерінің құрылымын білуіміз қажет. Оқиғаның толық сипаттамасын айқындағаннан кейін және әртүрлі мүліктік дәлелдемелер мен іздерді зерттеп алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Осындай іздерді зерттеу нәтижесі ғана жол оқиғасының кезеңдерімен анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оқиға жағдайын және себептерін кезеңдермен анықтау тергеушіге тергеу істерін дұрыс жүргізуге көмек береді.

Жалпы жол көлік оқиғасына байланысты сол жердегі оқиға орны, нақты қақтығысқан жері мен одан қалған іздер маңызды рөл атқарады. Бұдан оқиға орнын қараудың басты мақсаты — жол көлік апатының мән-жайын анықтау үшін ол жердегі және көлік құралдарындағы іздер мен нысандарды зерделеу және бекіту болып табылады. Қай жерде және қандай іздер табылғаны және олармен қандай жұмыс жасалғаны оқиға орнын қарау хаттамасында көрсетілуі керек. Жол көлік апаты орнын қарау барысында, маман апат орнының схемасын сызуға көмек көрсетеді. Көлік құралдарының жол үстіндегі нақты орындарын, қағып кету орнын анықтау, тек олардың схемада жылжымас нысандарға дұрыс бекітілуінен тәуелді болады. Ондай нысандар ретінде шақырым көрсеткіштері, кешендер, телефон мен телеграф байланысының бағаналары және басқа нысандар пайдаланылады. Айтарлықтай, схемада үш өлшем көрсетілуі керек: жол бағыты сызығына қатарлас, көлік құралының алдыңғы немесе соңғы білігінен жылжымас нысанға дейін бір өлшем және ол сызыққа перпендикуляр түрінде түйісетін екі өлшем — алдыңғы және соңғы доңғалақтардың біліктерінен жол жиегінің шекарасына дейін қарап анықталуы қажет.

.

Жол көлік апаты орнында табылған іздер мен нысандарды келесі негізгі топтарға бөлуге болады: 1) көлік құралының доңғалақтарының іздері; 2) көлік құралының тайғанау іздері; 3) көлік құралынан бөлінген нысандар орналасқан аймақтар және ол нысандар қалдырған іздер; 4) көлік құралы мен ол қағып кеткен тұлға қақтығысқанда пайда болған іздер; 5) көлік құралында қалған іздер және оның бүлінген жерлері.

Жалпы іздері деген ұғымға оқиға болған жерде қалған заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Осы өзгерістердің бәрін негізге ала отырып, оқиға болған жерді қарау үстінде тергеуші оқиғаның қалай болғанын, айталық, оның механизмі жөнінде белгілі бір болжаулар жасай алады. Оқиға болған жерді қараудың маңызы, әрине мұнымен шектелмейді. Себебі, қарау үстінде тергеуші, анықтаушы осы қылмысқа байланысты іздерді, айғақ заттарды, өте құнды заттарды тауып алып, оларды дәлелдеме есебінде пайдаланады.

Жол көлік оқиғасына байланысты Н. С. Алексеев жол көлік оқиғаларын мынандай бірнеше кезеңдерге бөледі: бастапқы, аралық және соңғы кезең. Кейбір авторлар оқиғаның жеке механизмінде кезеңдерге бөледі, ал басқалары оқиғаның механизмінің бөліктерін кезеңдерге бөледі. Осы көрсетілген кезеңдер соғысу кезеңдерінен айрылысудың жақындаған кезеңдеріне дейін бөлінеді.

Жол-автокөлік тергеу барысында келесі жағдайлар анықтауға жатады:

  • бұл оқиға жол автокөлік оқиғасына жата ма;
  • оқиға болған уақыты және орыны сонымен бірге келешегі;
  • жәбірленуші бар ма, оның денсаулығына келген жарақат мінездемесі өлімнің себебі және уақыты;
  • мүліктік зардаптың сипаты мен мөлшері;
  • жол көлік оқиғасында қандай автокөлік құралдары қақтығысты;
  • жол-автокөлік оқиғасына кімнің кінәсімен болды және ол адамға сипаттама (жүргізуші, жолаушы, велосипедист және т. б.).
  • қандай жол жүру тәртібі бұзылды және оған қандай транспорт құралы (маркасы) болып оның бұл тәртіп бұзушылығы қалай сипатталады;
  • оқиғадан кейін басқа тәртіптің бұзылуы мен оның арасындағы себепті байланыс бар ма және т. б.

Жол көлік оқиғасы болған жерге ең бірінші болып жол патрульдік полиция қызметкерлері, анықтаушылар, тергеушілер және басқа да жол көлік оқиғасына тиісті лауазымды тұлғалар келіп төмендегі әрекеттерді жүргізуі қажет:

.
  1. оқиға болған жерді қарап тексерген істің хаттамасы;
  2. тергеу жүргізудің алдын ала жасалған жобалары мен жоспары;
  3. көлік құралының техникалық жағдайының хаттамасы;
  4. жүргізушіні куәландыру актісі;
  5. жүргізушінің түсініктемесі;
  6. жол көлік оқиғасына себепкер мен куәгер адамдардың түсініктемесі алынуы қажет.

Жол көлік оқиғасы бойынша анықтама және басқа да тиісті құжаттар жасалынады. Бұдан тергеуші түскен материалдарға анықтама жүргізе отырып;

.
  1. түскен материалдарға мұқият талдау жасап, тексеруі қажет;
  2. оқиға болған жерді, көлік құралын қарап тексеру нәтижесінде баға беруі (дәрежесі, толықтығы, объективтілігі);
  3. куәгер мен зардап шеккен адамның берген мәліметтерінің толықтығы мен шындығына баға беруі;
  4. қылмыстық іс қозғауға негіз бар ма, яғни зардап шегушінің жарақатын, материалдық шығынның көлемін, көлік құралының бүлінуін анықтауы;
  5. егер негізбен себеп болса, қылмыстық іс қозғап, қылмыстың ізін суытпай және жол-көлік оқиғасы себептерінің шындығына жетіп іс қозғау үшін тергеу әрекеттерін жүргізуі;
  6. арнайы мамандар мен жүргізушіні қатыстыра отырып, оқиға болған жерді және көлік құралын қосымша тексеруден өткізуі;
  7. жол оқиғасына мүлдем қатысы жоқ, бірақ шындықты айтатын куәгерден жауап алуы;
  8. зардап шегушіден жауап алуы;
  9. жүргізушіден жауап алуы;
  10. тергеу экспериментін өткізуі қажет.

Тергеуші осындай шараларды тиянақты жүргізіп алып және тексеру мен жауап алу хаттамасы жазылғаннан кейін автотехникалық сараптама жүргізуге жіберіледі. Жалпы, қазіргі кездегі ғылым мен тәжірибенің дамуына байланысты жол көлік оқиғасына қатысты барлық сұрақтарды анықтауға сонымен қатар, сол оқиғасына байланысты басқа да тергеу әрекеттерін жүргізуде тергеуші мен анықтаушы үшін дәл және толық қылмыстың себебін және зиянның мөлшерін анықтауға барлық мүмкіндік бар.

Жол-транспорттық оқиғаның механизмін білу іс үшін толық анықтама беретін белгілерді біліп оқиғаның объективті шындығы айқындалады. Жол көлік оқиғасына қатысы бар қылмыстарға тергеу жүргізудің осы көрсе­тілген әдістемелерінің құрылымдарын қабылдай отырып, соған орай біз, тергеушінің ұйымдастыру шараларының тиімділігін арттыру қажет. Оларды ғылыми тұрғысынан жетілдіру жолдарын қарастырып, тергеу­шілер мен анықтаушылардың қылмысты ашу, дәлелдеу және тергеу жақтарын қарастырып қана қоймай, жол көлік оқиғасының алдын алу жолдарын жүзеге асырсақ, сол ең маңыздысы болар еді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.