Жусанның емдік қасиеті

Главная » Рефераттар » Жусанның емдік қасиеті

Зерттеу жұмысы кезінде қазақ даласында кездесетін жусан түрлері кесте жусаны, қара жусан, шымырауық жусан жəне т.б. Жусан тіркеліп, олар өсу ортасына, таралуына, кездесуіне қарай жіктелді. Зерттелген жусан түрлерінің ішінен тек біреуінен ғана ісік ауруына қарсы дəрі шығатыны анықталды. Сондықтан, əрі перспективті эфирмайлық, əрі дəрілік өсімдік ретінде қолданылатын жусанды тиімді, күтіп ұстауды ұсынамыз.

Кіріспе. Соңғы 30-35 жылда Қазақстанда елеулі өзгерістер өсімдік өмірінде байқалады. Көптеген аймақтарда техногендік жүктеме малдың жəне өсімдіктің азғындауына, табиғи ресурстардың азуына жəне биологиялық табиғи өзгерістерге əкеліп соқты. Қазақстан Республикасында көпжылдық экологиялық стратегиясының  ең басты мақсаты қоғамның жəне қоршаған ортаның үйлесімі жəне өзара əрекеттесуі болып табылады. Сонымен қатар экологиялық таза ортаны қалыптастыру мақсатына жету үшін 2030 жылға дейінгі аралықта 4 аса маңызды бағыттар белгіленген: қоршаған ортаны экологиялық қауіпсіз қалыптастыру, табиғи ресурстарды өз орнымен пайдалану, малдың жəне өсімдіктің түрлерін сақтау, экологиялық білімді нығайту. Флораны қорғау жұмысында ең маңызды мəселе өсімдіктердің эндемикалық түрлерін тұқым түрінде немесе тірі өсімдіктер түрінде сақтау қажет.

Қазақтың қара баласы жусан дегенде ерекше сезімге бөленеді емес пе? Ұлан- байтақ даламыздың қай қиырына барсақ та, оны кездестіреміз. Жусан арғы-бергі қиыры атты адамға айшылық алыс жол болатын кең-байтақ жеріміздің сəнін кіргізіп тұрған секілді көрінеді. Жусан – күрделі гүлдер тұқымдасына жататын өсімдік, көп жылдық, кейде бір не екі шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Жусан жер бетіндегі өсімдіктердің ішінде ең ащысы. Оның пайдалы жақтары жетерлік. Латындар бұл шөпті артемизия деп атайды. Шөптесін өсімдіктердің дəрілік қасиеттерінашқан Артемид құдайдың   құрметіне осылай атаған. Ертеректе олимпияда ойындарында жеңіп шыққандарға сыйлық ретінде жусаннан жасалған сусын ішкізетін болған.

Римдіктер жусан тұнбасын асқазан    ауруларын        емдеуге пайдаланған. Ал қытайлықтар аяқ киімдеріне жусанның жапырағын салып жүрсе, тамаққа деген тəбетті арттырады деп есептеген. Жусан теңіз саяхатшыларының түрлі теңіз ауруларынан сақтайды. Бір нəрсеге қапаланғанда жусан иіскесеңіз көңіліңіз орнығады. Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10-62 см, кейде 1,5-2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тəрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, əбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда өсетін бір түрі – дəрмененің дəрілік шөп ретінде ерекше мəні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтатау үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан құнарлы мал азығы, дəрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Сондай-ақ қазақ емшілері дəрмене жусанды ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырған. Ал қара жусанның тамыр тəбет ашуға, асқазан, бауыр, ішек, өт қалтасы ауруына ем ретінде пайдаланған екен. Ал бүгін осы əдісті жаңғыртып, оны медицинамен байланыстыра отырып, жүзеге асыруға мүмкіндік бар.

Қара жусан Қазақстанда Каспий маңының құмдарында, Мұғалжар, Торғай, Ұлытау, Зайсан, Балқаш- Алакөл ойысында өседі. Биіктігі 25-30 см, жапырағы ұсақ. Қара Жусанның құрамында шырышты жəне шайырлы заттар, каротин, С витамины, эфир майы мен аздаған алкалоидтар бар. Қара Жусанның емдік қасиеті ерте кезден-ақ белгілі болған. Қытай медицинасында бүйрекке тас байланғанда Қара Жусан шөбінің қайнатындысынан ванна жасайды.

Дəрмене жусан – тұқымдасына жататын дəрілік өсімдік. Оның дəнінен адамның ішкі ағзаларына ем ретінде пайдалануға арналған дəрі-дəрмектер жасалады. Қазақ халық медицинасындаоныдəріжасамайда ем-домға пайдалана береді. Оны дəрілік шикізат ретінде көп пайдаланғ андықтан, жылдан-жылға сиреп бара жатыр.

Шымырауық жусан – Қазақстанның барлық өңіріндегі шалғынды, далалық өңірлерде өседі. Биіктігі 40-150 см, тамыр сабағы сүректенген. Дара немесе бірнеше тік сабақты, аз бұтақтанады, тақыр, оның өзіне тəн иісі болады. Жапырағы таспа не қандауыр пішінді жиектері бүтін. Гүлі ақшыл, сарғыш, жасыл түсті, гүлшоғыры шілде – тамызда гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – дəнек. Шымырауық жусан дəрілік өсімдік жапырағының құрамында 15%-дай каротин болады. Оны көкөніс тұздаған, консерві жасау үшін, сондай-ақ дəм танымдық өсімдік ретінде пайдалынады.

Кесте Жусан – Алтайдың ең сиреккездесетін өсімдігі. Бұл көпжылдық жергілікті түр əлемнің текбір ғана нүктесінде – Азутау жотасының оңтүстік беткейіндегі Мрамор тауында кездеседі. Құрғақ тастақты беткейлерде, кейде сирек кездесетін Алтай қасқыржидегімен бірге өседі. Тамырсабағы өрмелегіш, бұтақтанған 2-6 гүлді себеті бар. Жапырағы жібек тəрізді сұрғылт қалың түкті. Сабақтарының биіктігі 70 см-ге дейін. Вегетативті өркендердің жапырағы жай дөңгеленген ромб тəрізді тақталы жəне сағақты. Гүл шоғыры диаметрі 3 см-гедейін, ақ тілше тəрізді жиектегі гүлдерімен жəне сары қосжынысты түтік тəрізді. Бұл түр маусымда гүлдейді, шілдеде жеміс береді. Жемстері көп сұр қабырғалары тұқымшалар, айдарсыз жай ғана жерге шашылып қалады. Қарағанды қаласындағы «Фитохимия ХҒӨХ» акционерлік қоғамының өнімі – «Арглабин» дəрісі Ресейдің ғылыми орталығында клиникалық сынақтан өтіп, ТМД аумағына таралу құқығына ие болып отыр. Бұл туралы Ұлттық ғылым академиясының өкілдері хабарлады. Бұған дейін осы дəрі 11 елдің патентімен қорғалған болатын. Дəрігерлердің айтуынша, бұл дəрі бауыр, өкпе жəне сүт бездерінде пайда болған ісіктерді емдеуге жəне олардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін қатерлі ісік ауруларына қолданылатын бұл дəріге шетелдерден 11 миллион данаға тапсырыс түссе, ішкі сұраным 2 миллион данаға жетіп отырған көрінеді. Қарағанды қаласында осыдан 2 жыл бұрын Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың тапсырмасымен «Арглабин» дəрісін шығаратын зауыт құрылысы басталып, жусаннан қатерлі ісікке қарсы дəрі жасайтын фармацевтикалық кəсіпорын құрылысына инвесторлардан жəне Қарағанды облысының бюджетінен 93 миллион бөлінген болатын.

Қазақстанда өсетін 1000 түрлі жусанның тек біреуінен ғана осындай дəрі жасауға болады дейді мамандар. Қарағандыдағы фитохимия институтының мамандары бұл жусанның атын жəне дəрі жасау технологиясын құпия ұстап отыр дейдіоблыстыңкəсіпкерліктідамыту басқармасыныңөкілдері. 1997 жылы «Арглабин» препаратның жасалуы Қазақстан үшін үлкен жаңалық болған еді. Алғашқы сынақ барысында дəріні қабылдаған 72 аурудың 44 пайызында ісіктің өсуі тоқтаған екен. Қарағанды зауытында шығарылатын «Арглабиннің» əр ампуласы 3 долларға бағаланып отыр. Бірақ, ол емханаға түскенде үстеме баға қойылуы мүмкін, ал Еурпада ол бұдан да қымбат бағаға сатылады деп отыр кəсіпкерлікті дамыту басқармасының өкілдері. Ресми ақпарат бойынша, Қазақстанда «Арглабин» денсаулық сақтау министрлігінің өмірлік маңызы бар дəрілердің тізіміне енгізілген. Қарағанды облыстық онкологиялық орталығының дəрігері Мұратбек Жұмақаевтың айтуынша, дəрі жоғары технологиялар бойынша жасалады, ал фармацевтика ғарыш, информатика жəне электроника сияқты жоғары технология салаларының бірінші төрттігіне кіреді дейді ол.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.