Жыл мезгілдері шығарма

Home » Рефераттар » Жыл мезгілдері шығарма
Рефераттар Комментариев нет

Жыл мезгілдеріне сипаттама шығарма ретінде. Жылдың төрт мезгілі ауысып келеді. Жыл мезгілдерін көктем, жаз, күз және қыс деп бөлу оның мезгілдік өзгерістерінің заңдылықтарына сәйкес келеді. Бірақ табиғаттың жергілікті жер жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Осыны жергілікті жердің табиғатының мезгілдік кескінен байқауға болады. Көктем — табиғаттың жаңарып түлейтін кезеңі. Көктемнің басында күн қызуы бірден-бірге күшейіп, жылылық ұлғайып, қар жамылғысы еріп, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қайта түлеп бүр жарады. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 0°-тан жоғары көтерілген кезден көктем басталады деп есептеледі.

Мысалы, Наурыз айының 22-сінде астрономиялық есеп бойынша күн мен түн теңеледі. Осы кезде мұсылман дініндегі жер жүзінің халықтары, соның ішінде қазақ халқы да ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамын мерекелейді. Ауыртпалығы көп қыстан аман-есен шығып, жаңару кезеңде, жаңа жылға жеттік деп қуанады. Жергілікті жердің оңтүстік және батыс аудандарында көктем наурыз айының ортасында немесе соңғы күндерінде, ал солтүстігінде сәуір айының бас кезінде басталады. Көктемнің жалпы ұзақтығы 0°-тан +15° температура аралығында, бір жарым ай шамасында болады. Көктем мезгілі тез өтеді. Ауаның температурасы күн өткен сайын көтеріледі. Біраң кейде салқындық қайталанып, қар аралас жауын-шашын жиі болып тұрады.

Мысалы, Жергілікті халықтың тәжірибесінде көктем кезіндегі ауа райының қайталамалы өзгерістерінің бірін Бес қонақ деп атайды. Ол жаңаша жыл санау бойынша сөуір айының 8-18-і аралығында болады. Осы кезде ауа райы тез бұзылады, тіпті кей жылдары қар жауып, борасын соғуы ықтимал.
Көктем кезінде суың ауа массасының қайталап кіруінің әсерінен мамыр айының аяғына дейін үсік қайталанып отырады. Бүл кездерде бақша, көкініс өнімдеріне кей жылдары үлкен зиянын келтіреді. Жаз — күн көзінің ең ұзақ түсетін мезгілі. Бұл кезде жалпы табиғатта көп өзгерістер болады. Жергілікті жердің жазы мамыр айының орта кезінен орташа тәуліктік температура +15°-қа жоғарылаған кезден басталады. Жаздың ең ыстық айы-шілдеде орташа тәуліктік температура +27° +31° ал кей жылдары +41° +42°-қа дейін жетеді. Жауын-шашын бұл мезгілде өте аз түседі, орташа мөлшері 75-100 мм. Кейбір жылдары мүлдем жаумай, егістік даңылдар күйіп кетеді. Осы кезде оңтүстік-шығыстан соғатын күшті желдер құрғақ аңызақ қалыптастырады. Мүның соңы шаңды дауылдарға ұласады.

Мысалы, 1972 жылдың жазы өте ыстық, әрі құрғаң болды. Жаз айларында жауын-шашын түспеді. Оңтүстік және солтүстік-шығыстан соққан аңызақ жел тәуліктік температураны +40°-қа дейін жеткізді. Жаз тамыз айының соңғы тәуліктерінде аяқталады. Бүл егіннің, көкөністің пісіп-жетілген кезі. Оларды орып- жинау, қоймаларға тасу науқаны басталады. Күз — оның алғашқы көрністері — түннің суытуы, өзен-көлдерде судың салқындай бастауы, ағаштарда алғашқы сары жапырақтың пайда болуы т. б. Жалпы күздің басы ауаның орташа тәуліктік температурасының 15°-тан төмендеуінен есептеледі. Бұл шамамен қыркүйектің 10-нан басталады. Күздің алғашңы айында көбіне күн ашық, құрғақ, жайлы болып тұрады. Бұл кезде егін даласында астықты орып-жинау, күздік дақылдарды себу жұмыстары жүргізіледі. Кей жылдары жауын-шашындатып диқандарға көп кедергі жасайды.
Қыркүйек айының соңғы күндерінде жылы, құрғақ мизам шуағы дейтін кез туады. Бұл оңтүстіктен жылы континентті ауа массаларының енуіне байланысты.

Ауаның температурасы қазан айында тез төмендейді. Жауын-шашын мөлшері артады, тіпті кей жылдары 100 мм-ге дейін түседі. Жергілікті жердің солтүстік аудандарында суық ауа массалары енген сайын үсік жиі қайталанады. Бұл айдың аяғында ағаш жапырақтары түгел сарғайып, түсіп, құстар топ-тобымен жылы жаққа үшып кетеді. қараша айының басталуы мен ауа райы салқындап, қар аралас жауын-шашын жиі түсіп, нағыз қара күз басталады. Қарашаның екінші жартысында қыстың алғашқы белгілері байқалады. Ауа салқындап 0°-тан төмендейді. Көлдер мен тоған суына мұз қатады, біртіндеп артикалық ауа массаларының әсері күшейе түседі. Күздің қысқа айналу мерізімдері тұрақты болуы мүмкін емес, өйткені оған көптеген факторлар әсер етеді. Күз екі айға созылады.

Қыс — жергілікті жердің солтүстік және солтүстік шығыс аудандарына ерте түседі, ал оңтүстік, оңтүстік батысында, әсіресе, құмында сәл кештеу басталады. Қыстың басталу мерзімін көп жағдайда ңазан айының 19-22-сінен, тәуліктік орташа температура (-5°)-қа жеткен кезден есептейді. Бұл кезде өзен-көлдерде мүз тұра бастайды. Қар жамылғысының ең қалың кезеңі ақпан айының ортасына сәйкес келеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.