Жыныс бездерінің ішкі секрециялық кызметі

Главная » Рефераттар » Жыныс бездерінің ішкі секрециялық кызметі

Жыныс бездері әрі экзокриндік әрі эндокриндік қызмет атқарады: олар жыныс торшаларын — сперматозойд пен жұмыртқа торшаларын, аталық және аналық жыныс гормондарын бөледі. Жыныс гормондары көбею мүшелерін физиологиялық тонус жағдайында ұстап, негізгі (бастапқы) және қосалқы (сыртқы) жыныс белгілерін дамытады, аталык және ұрғашы малға тән мінездерді, жыныстық инетинктерді, жыныстық актілерге қабілеттілікті қалыптастырып, өніп-кобеюмен байланысты процестерді, организмнің пісіп-жетілуін реттеуге катысады.

Жыные гормондары аталық және аналық болып екі топқа бөлінеді. Олар — холестерин туындылары. Химиялық көзінің ортақтығына қарамай аталық және апалық бездерде биосиигез процееін камтамасыз стстіп фсрмснттсрдіц срекшеліктеріне байланысты гормон түзілу процесі екі бағытта орбиді. Бұл гормондар аталық та, аналық та бездерде қатар түзіледі, бірақ олардыц молшсрі, арақатыпасы бірдей болмайды. Мысалы, ер адамның тәуліктік зэрінде 3 10 мкг андрогендер жэне 5-15 мкг острогендер болса, эйслдер зэрінде 3-10 мкг андрогендер және 18 36 мкг эстрогендер болады. Аталық гормондар — андрогендер (грек тілінде andros — сркек деген мағына берсді) еннің аралық үлпаларындағы Лейдиг торшаларында түзіледі. Бүл үлпалар жиынтығын жыныстық жетілу безі немесе пубертаттық без дсп атайды (Pubertas — латын тіліндс ер жету, толысу деген мағына береді). Бездің Сертоли торшаларында эстрогендер түзіледі. Бұл гормондар гипофиздс ФЖГ-ның түзілуін реттеуде маңызды рөл аткарады.

Андрогендерге тестостерон, альдостероп, изоандростерон, дегндро-изоандростерон, т.б. жатады. Олардың арасындағы ең белсендісі — тестостерон. Андрогендер анаболизмдік гормондарға жатады. Олар белок алмасуын жандандырып, бұлшық еттерде белоктың түзілуін және жиналуын күшейтеді, оң азоттық баланс қалыптастырады, денеге салмак қостырады. Сонымен қатар андрогендер анорганикалық фосфордың, сульфаттың, натрий мен калий хлоридтерінің қорға жиналуын күшейтеді. Андрогендер бауыр мен ұлпаларда гликогеннің түзілуін бөгеп, көмірсулар алмасуын жандандырады, денеде майдың жиналуын тежеп, жас малдың өсуін үдетеді.

.

Андрогендер орталық жүйке жүйесінің функционалдық күйіне де эсер етеді. Малды піштіргеннен кейін жүйке жүйесінің қызметі өзгеріп, шартты рефлекстердің қалыптасуы баяулайды, жүйкелік процестердің күші мен жылжымалығы әлсірейді. Сондықтан піштіру эдісін малдың шаруашылыққа тиімді қасиеттерін дамыту үшін қолданады. Піштірілген мал жуасып, тез семіреді, олардың етінің сапасы жақсарады, қосалқы жыныс бездерінің қызметі тоқтап, сыртқы жыныстық белгілер әлсірейді. Тым ерте піштірілген малдың түтікті сүйектері үзарып, дене пропорциясы өзгереді.

.

Аналық гормондар — эстрогендер (oestrogena гректің -oesros — қүштарлық жэне genes — тудырушы деген сөздерінен шыққан) аналық жыныс мүшелерін физиологиялық тонуста үстап, жыныстық айналымды, жатыр мен қынаптың кілегейлі қабығының күйін, желіннің өсуін реттейді. Эстрогендер (эстрадиол, эстрон, эстриол) аналық организмге тән белок пен майдың, су мен минералды түздардың алмасу деңгейін қалыптастырады, капиллярлар қабырғасының өтімділігін жоғарылатады, орталық жүйке жүйесінің қызметін өзгертіп, малды күйтке келтіреді. Аналық безде гестагендер — сары дене гормондары мен андрогендер де түзіледі. Сонымен эстрогендер биосинтезі кезінде аналық бездің аралық торшаларында андрогендер де түзіледі. Олар фолликулаларда қуыстың пайда болуын, овуляция процесін жандандырады. Буаздық кезінде аналық бездегі сары денеден бөлінген гестагендер ұрықтану және төл көтеру процестерін реттейді. Олардың ішінде маңыздысы — прогрестерон, прегненол. Прогестерон буаздық кезінде гипофиздің гонадотроптық гормондарының түзілуін, фолликуланың дамуын бөгеп, жатырдың жиырылуын тежейді, үрықтың дамуына, желіннің лактацияға дайындалуына ықпал етеді. Сары дене, эндометрия (жатырдың кілегейлі қабығы) және төл жолдасы (плацента) релаксин атты гормон да бөледі. Төл көтеру үстінде бүл гормонның концентрациясы өсе түседі де, мал төлдер алдында ең жоғары деңгейге жетеді. Релаксин төлдеу (туу) процесінің дұрыс өтуі үшін қажет. Оның әсерімен шат сүйектерінің байланысы (симфиз) жібіп, жатыр мойны ашылады.

Буаздық кезінде плацентада эстрогендер, прогестерон және плаценталық немесе хориондық гонадотропин гормондары түзіледі. Жолдас прогестероны буаздықтың сәтті өтуі үшін қажет, ал жолдас гонадотропині прогрестеронның түзілуін күшейтіп, малды іш тастаудан сақтайды. Буаз биенің қанында 40-күнінен бастап гонадотроптық гормон пайда болады. Бұл гормон бұзылмай, қанда ұзақ сақталады. Ол жатырдың кілегейлі қабығында түзілетін гормон. Оны буаз бие қан сарысуының гонадротропині (СЖК) деп атайды. Барлық мал плацентасында хорион (қағанақ) гонадотропині түзіледі. Оның бөлінуі буаздық мерзімінің өсуімен байланысты қарқындай түседі. Бұл гормон плаценталық прогесторонның бөлінуін күшейтеді.

Жолдастың өсу гормоны буаз мал организмінде қанттың шығынын азайтып, оны май қышқылдарының көзі болып табылатын майға айналдырады. Ал май қышқылдарының алмасуы нәтижесінде холестерин түзіледі де, ол плацента арқылы ұрық қанына өтіп, торшалар мембранасын құруға пайдаланылады. Холестерин үрықтың өсуі және эртүрлі гормондардың түзілуі үшін қажет. Жыныс гормондарының түзілуі және бөлінуі нейрогуморальдық жолмен реттеледі. Жыныс бездері афференттік және эфференттік жүйкелермен өте мол жабдықталған, бірақ олардың қызметінің рефлекстік жолмен реттелу тетіктері жайлы деректер онша көп емес. Жүйке жүйесі жыныс бездерінің қызметін гипофиз арқылы реттейді. Гипофиздің фолликуланы жандандырушы гормоны үрғашы малда фолликулалардың пісіп-жетілуін, ал еркек малда — сперматогенезді жандандырады. Лютеиндеуші гормон жыныс гормондарының түзілуін, ал пролактин сары денеде прогрестронның түзілуін жэне сүттену процесін жақсартады. Эпифиз мелатонині жыныс бездерінің өсіп-дамуын тежейді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.