Жыныстық айналым және оның әр түлік малдағы ерекшеліктері

Главная » Рефераттар » Жыныстық айналым және оның әр түлік малдағы ерекшеліктері

Жыныстық айналым кезінде әртүрлі физиологиялық жүйелерде, әсіресе, көбею ағзаларында, күрделі морфологиялық және библогиялық өзгерістер байқалып, оның әр кезеңіне тән жыныстық реакциялар қалыптасады. А.П.Студенцов (1953) теориясы бойынша жыныстық айналым — организмнің барлық физиологиялық жүйелері қатысатын күрделі нейрогуморальдық тізбектелген процесс. Ол қозу, тежелу және теңелу сатыларына бөлінеді. Әр сатыға жыныс ағзалары кілегейлі қабығының белгілі өзгерістері, малдың жыныстық белсенділігі, мінез-қылықтар тән.

Жыныстық айналым кезіндегі қүбылыстар аналық бездің физиологиялық күйі мен организмнің гормондық статусына байланысты. Осыған орай жыныстық айналымды шартты түрде фолликулалық және лютеиндік кезеңдерге бөледі. Фолликулалық кезеңде аналық безде фолликулалар жетіліп, оларда түзілген гормондардың эсерімен жыныс ағзаларына қанның келуі күшейеді, жыныстық қозу байқалады, ұрғашы мал мазасызданып, оның тәбеті жоғалады, өнімділігі кемиді (сиырда — сүттілік), жыныстық желік пайда болып, ол аталық мал іздей бастайды. Осы сатыда жыныстық айналымның негізгі белгілері — шылымдану (эструс) жэне күйлеу құбылыстары байқалады. Шылымдану (эструс) сатысында жыныс ағзаларының кіле-гейлі қабыгы қызарып, ісінеді, жатыр бездерінің қызметі күшейіп, жатыр еттерінің қимылы жиілейді, жатыр мойыны ашылады да, жыныс ағзаларынан (ірі қарада) шылым (шүбалыңқы шырышты сұйық) бөліне бастайды. Бүл кезеңнің ұзақтығы әр түлік малда эртүрлі. Бұл сатыда жыныс ағзаларында байқалатын күрделі морфологиялық және функциялық өзгерістер жыныс торшаларының қимылын, өміршеңдігін, бір-бірімен кездесуін және ұрықтың дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Күйлеу — эстроген гормондарының эсерімен орталық жүйке жүйесінің қозғыштығының жоғарылап, организмнің үрпақтану процесіне дайындығын қамтамасыз ететін күрделі процесс. Күйлеген сиыр мазасызданып, мөңіреп, азық қабылдамай, өнімділігін төмендетеді. Олар бір жерге жиналып, біріне-бірі артыла бастайды. Саулықтарда бүл белгілер көмескі байқалады. Күйлеген мегежіндер мазасызданып, бір-бірін иіскелеп, басқа мегежіндерге артыла бастайды. Күйлеу шарықтаған шақта, олар тынышталып, көбіне қимылсыз тұрады, қабанның қасынан шықпай қояды. Күйлеудің бірінші күні жыныс айналымының басы болып саналады. Күйлеу сатысының соңында ұрғашы малдың аталык малға деген қүштарлығы бәсендей бастайды.

Күйлеу сатысында немесе оның соңында фолликулалар жарылып, жүмыртқа торша бөлініп шығады (овуляция). Малда овуляция шағылысу процесіне тәуелсіз жүргенімен, шағылысу процесі оны шапшаңдатады. Ал, іңгенде, қоянда, мысықта овуляция шағылысу нэтижесінде рефлекстік жолмен жүреді. Зертханалық кеміруші хайуандарда овуляция тэуелсіз жүргенімен, сары дене тек шағылысқаннан кейін ғана іске қосылады. Өнімтал жануарлар жыныс бездерінде фолликулалар бір мезгілде жетілмейді, олар ретсіз (асинхронды) дамиды да, овуляция біраз уақытқа созылады. Мысалы, мегежінде ол күйлеу басталған соң, 2СМ-0 сағат бойына созылса, саулықта екі овуля-ция аралығы 2-6 сағат шамасында болады. Овуляциядан кейін жыныстық айналымның екінші кезеңі -лютеиндік кезең басталады. Бүл кезең сары дененің пайда болып, секрет бөлуімен б.айланысты. Сары дене овуляциядан кейін фол-ликула торшаларынан түзіледі. Олардың саны овуляция жүрген фолликулалар санына байланысты жэне түлік түріне қарай өзгеріп отырады.

Сары денеде екі түрлі — ірі және майда, лютеоциттер кездеседі. Ірі лютеоциттер түйірлі торшалардан, ал майда лютеоциттер фолликула тостағаншасының торшаларынан пайда болады. Ову-ляциядан кейін сары дененің массасы лютеоциттер санының көбеюімен емес, олардың мөлшерінің үлғаюы арқылы өседі. Сары дене уақытша эндокриндік без қызметін атқарып, қанға прогестерон гормонын бөледі. Бұл гормонның эсерімен жатырдың кілегейлі қабығында үрықты қабылдауға жэне оны қоректендіруге қажетті өзгерістер жүреді: эндометрий эпителийі өсіп, көпсиді, жатыр бездері үрықтың бекуіне және қоректенуіне қажетті секрет бөле бастайды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.