Өзін-өзі тану – ізгілік пен мейрімділік, шығармашылық пен парасаттылық тағылымы

Home » Рефераттар » Өзін-өзі тану – ізгілік пен мейрімділік, шығармашылық пен парасаттылық тағылымы
Рефераттар Комментариев нет

Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың: «Жаңа формация мұғалімі – бұл рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрін меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол – жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамыту үшін жауапты». Осы қойылған талаптармен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының болашақ мұғалім алдына қойылатын  жалпы мақсаттары сәйкес келеді.

Қазақстан Республикасының қазіргі білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағытталған. Адамның руханилығы, оның шығармашылық парасаттылығы, жаңалықтарға ұмтылысы – бұл қоғамның басты байлығы. Қазіргі кезеңде жалпы-адами, ұлттық, этномәдени және тұлғалық құндылықтарды үйлестіруге, тұтас дүниетанымдық, азаматтық сана-сезімді, өмірлік дағдылар мен шығармашылық белсенділікті дамытуға аса зор маңыз берілуде. Адамгершілік – жалпы мәдениеттіліктің көрсеткіші болып табылса; махаббат, мейірімділік, бақыт, бейбітшілік, т.б. — руханилық-гуманды құндылықтарға негізделген. Осы тұрғыда әлемді танып-білуде өзін-өзі танудың рөлі арта түспек. Ол тұлғаға бұл өмірде өз орнын табуға, өзінің қажеттілігін түсінуге жәрдемдеседі. Осы заманғы білім беру өзіне әлемдік көлемдегі аса маңызды бір міндетті шешуді жүктеп отыр: ол адамдарға жоғары адами мұратына және гуманды құндылықтарға сену, қойылған мақсаттарға жету жолын табу үшін өз күшіне сенуге көмектесу.

Қазақстаннық білім беру жүйесі жан-жақты үйлесімді тұлғаны дамытудың түбегейлі жаңа бағытын құруды қажет етеді және адамгершілік, руханилық пен төзімділікті дамытуға бағытталады. Егер адамгершілік жалпы мәдениеттіліктің белгісі болса, ал руханилық адамның ізгілікті гуманды құндылықтарына негізделсе, төзімділік – адам құқығын сыйлаумен үндеседі.

«Бөбек» ҰҒПББСО ұсынысы бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура мамандықтары классификаторына (Phd)  2009 жылы «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» жаңа мамандығы енгізілді, оның негізгі міндеті қазіргі жастардың рухани-адамгершілік мәселелерін шешуге көмегін тигізетін, сезумтал да түсінігі мол адамды тәрбиелейтін, қоғам мен табиғат алдында, барша адамзат алдындағы өз жауапкершілігін қалыптастыратын құзіреттілігі жоғары болашақ маманды дайындау.

2013 жылдың наурыз айында осы сала мамандарын, қойылған міндеттерге сай неғұрлым тиімдірек дайындау мақсатымен, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты базасында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы студенттері арасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Бірінші Республикалық олимпиада өткізілді. Олимпиаданы ұйымдастырушылар бұл шараның төмендегідей міндеттерін белгіледі:

— «Өзін-өзі танудың» рухани-адамшершілік білім беру бағдарламасы бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерін меңгерген дарынды студент жастарды айқындау;

— Рухани-адамгершілік білім беру саласында ғылыми-зерттеушілік жұмыстарға деген студенттердің қызығушылықтарын қалыптастыру.

Олимпиадада төрайымы — п.ғ.д. Рыспаева Аршагүл Қылышбекқызы (Бөбек )және қазылар алқасының мүшелері — пс.ғ.к. Бейсенова Жұпаргүл Жұмабекқызы (Бөбек); Павлодар облысы бойынша балалар құқығын қорғау департаменті директорының орынбасары Нефедова Наталья Владимировна; Павлодар қаласының №9 мектеп-гимназиясының «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Соц Лидия Анатольевна;  педагогикалық колледждің «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысы Алибаева Жұлдыз Еркінқызы; ПМПИ психология кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Сарсенбаева Ботагөз Ғабдоллақызы; ПМПИ психология кафедрасының профессоры, п.ғ.к. Демиденко Раиса Николаевна сынды білікті мамандардан құралған құзіретті қазылар алқасы төрелік жүргізді.

Олимпиада үш кезеңде өткізілді. Бірінші кезең команда құрамын айқындауға негізделген білім беру мекемесі деңгейінде өткізілді. Командалар «Ұстаным ізденісі» шығармашылық сайысында  рухани-адамгершілік мәселелерінің тұтастай көрінісін айқындау мақсатында эссе жазды.

Екінші кезең Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өтті. Онда «Өзін-өзі тану біздің өмірімізде» атты тақырып бойынша мамандықты таңдауға бағытталған командалардың өзін-өзі таныстыру презентациясына кезек берілді. Үшінші кезең теориялық-жобалау бойынша екі сайыс түрінде өткізілді:

— өзін-өзі тану тарихы мен теориясы сұрақтарынан тұратын жекелей компютерлік тестілеу;

— «Өзін-өзі тану – ізгілік пен мейірімділік, шығармашылық пен парасаттылық» педагогикалық жобаны команда болып қорғау түрінде жүргізілді.

Олимпиадада М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универсиеті намысын  «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 2 курс студенттері: Нұржанова Меруерт, Прасолова Светлана, Шафигуллина Резеда құралған «Радуга» командасы қорғады. Олимпиадаға қатысушылардың айтуынша, бұл сайыстар әркімнің өзіне деген тұлғалық-дүниетанымдық көзқарасының өзгеруіне, өзін-өзі тануға ұмтылуына, өзіндік қызығушылықтардың пайда болуына және өзінің ерік-жігерлік тәртібіне жауапкершілікпен қарауына түрткі болды. Бұл тұлға санасында «адамның өмірлік философиясы», «өзін-өзі айқындау» және «бірін-бірі түсіну» сынды түсініктерді нығайтуға негізделмек.

Сонымен қатар бұл олимпиаданың маңыздылығы болып, оның білім алу кеңістігінде неғұрлым жағымды жағдайлар жасауына, тұлғаның өзіндік жекелей адамгершілік-білімдік, өмірлік және кәсіби ұстанымын қалыптастыруына өз көмегін берері сөзсіз. Олимпиаданың қорытындысы бойынша М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ң  «Радуга» командасы үшінші жүйелі орынды иеленсе, сонымен бірге «Ұстаным ізденісі» шығармашылық эссе жазу сайысында жекелей номинациялар бойынша студенттеріміз екі екінші орындарды  қоржынға салды. Бұл жеңіс олимпиадаға қатысушылар үшін өздерінің алдыңғы уақыттағы өмірлік және кәсіби тұрғыда өзін-өзі тануына, болашақ өзін-өзі тану мұғалімі және әлеуметтік педагог ретінде білікті маман болуына өз себін тигізеріне күмән келтірмейміз.

Әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына жолдауы. Астана. 2012
  2. Жоғары оқу орындарында «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістемесі. Алматы,2007.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.