Организм дегеніміз не? Жалпы организм дегеніміз — сыртқы ортаның әсеріне өз бетімен жауап қайтаратын, өзін-өзі реттейтін, тірі материяның біртұтас жеке бөлшегі. Организм — күрделі ашық жүйе. Ол сыртқы ортамен затпен және энергиямен үздіксіз алмасып отырады. Организмнің өзін-өзі реттеуі нәтижесінде оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығы сақталып, үнемі өзгерісте болатын сыртқы ортаға бейімделу реакциялары қалыптасады. Қоректену ерекшеліктеріне қарай ..
Дамуға нәсілдіктің, қоршаған ортаның және тәрбиенің ықпалына қосымша әсер ететін аса маңызды жағдаяттардың бірі — бұл тұлға іс-әрекеті. Іс-әрекет ұғымы қандай да өнімдік жұмысты орындау үшін жасаған адам қимыл-қозғалыстарының бәрін аңдатады. Тарих тұңғиығынан іс-әрекет бабында небір дана бақылаулар бізге дөйін жөткен: «Баланың немен жәнө қалай шұғылданатынын айтсаң, оның қандай адам болып жөтілетінін айтып беремін»; «Қаңғыбас ..
1800-1913 жылдар аралығында бүкіл қазақ елінде 200 ғана малдәрігерлік мекеме болып, онда 460 мал маманы қызмет атқарған. Елімізде ветеринария саласының, сонымен бірге физиологияның дамуына гельминтология ғылымының негізін салушы — академик К. И. Скрябин еңбектері зор ықпал етті. Қазақстанда физиология ғылымы арнаулы жоғары оқу орындарының — Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік (1929 ж.), Алматы мемлекеттік медициналық институттар (1931 ж.), ..
Нәсілдік пен қоршаған орта ықпалдары тәрбиемен қажетті бағдарға келтіріледі. Тәрбие — табиғаттан болған кемшіліктер мен ортаның зиянды әсерлерін «жөндейтін» — басты күш. Осы тәрбиеге ғана байланысты қоғамға толыққанды тұлға келеді. Тәрбиенің тиімділігі оның мақсат бағдарлы, жүйелі болуымен бірге кәсіби маманданған басшылықтан. Тәрбиенің нәтижелілігі оның адам санасына негізделіп, және сол адамның өзінің қатысуын талап етуінде. Ал ..
Дамудың қай қырлары адамның өзіне тәуелді және қай тараптары сыртқы жағдайларға, жағдаяттарға байланысты? Дамуды айқындаушы себептер тобы — жағдайлар деп аталады, ал сол қарапайым себептердің ішіндегі ең маңызды, мәнді себеп — жағдаят (фактор) деп аталады. Даму үдерісі мен оның нәтижесіне әсер етуші жалпы жағдайлар мен жағдаяттар қандай? Бөлгілі болғандай, адамныңдаму үдерісі мен оның нәтижесі үш өзекті ..
Даму — адамның сандық және сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нәтижесі. Даму нәтижесінде адам биологиялық түр және әлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тән-дене дамуынан көрінеді. Ал әлеуметтік даму оның психикалық, рухани, ин-теллектуал кемелденуінен байқалады. Егер адам сана және өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-әрекет ..
Педагогикалық зерттеу әдістері — бұл педагог-зерттеушілердің өз пәні жөніндегі білімдерді жинақтау және топтастыру үшін қолданатын жолдары мен тәсілдері. Әдістерді пайдалана отырып, зерттеуші тұлғаның тәрбие, оқу, білім, даму, қалыптасу үдерістері мен олардың нәтижелері жөніндегі деректерді қолына түсіреді. Білім топтастырудың көп әдістері бар. Олардың ішінде дәстүрлі (эмпирикалық) және жаңа (эксперименталды, теориялық) әдістер ажыралады. Дәстүрлі әдістер — бұл педагогика ..