Резорбтивті әсері. Жоғары мөлшерінде берілген алкогольдің әсері наркоздық заттарға ұқсас келеді. Оның ерекшелігі сол, ол суда тез еритін зат ретінде тек липидтерге бай ұлпаларда ғана жинақталып қоймай, бұлшық еттерде және паренхиматозды мүшелерде де жинақталады. Сондықтан да алкогольдік наркоз алу үшін, наркоздық заттарға қарағанда алкоголдің едәуір көп мөлшері қажет. Толық наркоз сатысында тыныс алу орталығы әлсіреп, ты-ныс ..
Алкоголь препараттарының атаулары гидроксил тобындағы радикалдарға байланысты болады (этил-этилді, метил-метилді ж.т.б.), ал көп атомды спирттердің аталулары моносахаридтерге байланысты (манноза-маннит, ксилоза-ксилит). Халықаралық номенкулатура бойынша спирттердің аталулары, оның құрамына кіретін көмірсутекке «ол» деген жалғау арқылы айтылады (этанол, метанол, маннитол), глюкоза мен галактозаға сәйкес келетін алты атомды спирттерді осы уақытқа дейін сорбит, дульцит деп те атайды. Спирттердің ішінде ..
Көптеген ауруларда жоғары температура организмді әлсіретіп, арықтатады, ал кейбір асқынулар кезінде тіпті өлімге душар еткізуі де мүмкін. Сондықтан да ауру тудыратын себептерді жоюмен бірге жоғары температураны да қалпына түсіру керек. Ол үшін қызу басқыш заттар — антипиретиктерді қолданған шарт. Қозу басқыш заттардың әсер ету механизмі. Әртүрлі қызу басқыш заттардың әсер ету механизмі әртүрлі болғанымен, ең негізгісі ..
Апиын — өте ертеден белгілі ауырсыну сезімділігін әлсірететін зат. Ол ерте кезеңде белгілі болған. Ертедегі Грециада оны Гиппократ қолданған. Гален кезеңдерінен бастап ол кең тұрде қолданыла бастады. Қазіргі кездерде ол көптеген бағалы алкалоидтарды алудың көзі ретінде және емдік зат ретінде қолданылады. Апиынның құрамына алкалоидтар, белокты, қантты, кілегейлі, шайырлы заттар, май, пектин және бейорганикалық тұздар кіреді. Белгілі ..
Морфиндік ұйқы — (Morpheus-ұйқының құдайы) көп реттерде адамда, итте және қояндарда байқалады: есек, жылқыларда шала ұйқы түрінде өтеді, ал ірі қара малда бұл құбылыс өте сирек кездеседі. Морфиндік ұйқы наркоздық заттар мен ұйқы келтіретін заттар шақырған үйқыға қарағанда өзгеше болады. Ол сезім мүшелерімен рефлекторлық қозудың күшейген түрінде өтеді. Егер морфин берілгенге дейін жануарлар тынышсыз қалыпта ..
Анальгезия (грек. an — жоққа шығару жөне algos — ауырсыну сезімі) — ауырсыну сезімділігін жою, ал осылай әсер ететін фармакологиялық заттарды анальгетикалық заттар немесе анальгетиктер деп атайды. Әртүрлі ауруларда болатын өте қатты ауырсыну сезімділігі орталық жүйке жүйесін ретгейтін орталықгың өсерін бұзады, жүрекқантамырлары жүйесінің жұмысын нашарлатады, жануарларды есеңгіретіп, кейбір жағдайларда естен тануына, патологиялық жағдайлардың күрделенуіне, тіптен өлімге ..
Бромидтер. Медицинада емдік мақсатпен бром тұздарын — бромидтерді қолданады. И.П.Павловтың зерттеулеріне қарағанда бром тұздары, белгілі бір мөлшерде зақымдалған жүйке жүйесінің қызметін қалпына келтіреді және оның жұмысын реттеп отырады. Бромды калий — Kalii bromidum. КВ2; бромды натрий — Natrii bromidum, бромды аммоний-Ammonii bromidum, NH4B2.Yui npeпараттың барлығы да — ақ түсті, кристалдар немесе ақ түсті кристалды ұнтақтар. Суда ..