Абай шығармалары, қара сөздері тақырыбы жағынан айрықша дараланып, адамгершілік мәселесіне назар аудартып, өшпес мұра ретінде жырланғандығы мені ғана емес, қазақ деп жүрегі соққан әрбір жастың көңілін қуантарлығы шындық . Абайдың «Қара сөздеріне » өзіндік көзқарас тұрғысынан талдау жасасақ, оның қазақ қоғамындағы көптеген өзекті мәселелерді қозғағанын көреміз . Әрине, бір ғана қара сөзді мақала көлемінде Абай шығармашылығын талдап , сараптап шығу мүмкін емес! Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр. 1 . Бейбітшілік, 2 . Руханияттылық, 3 .
Табиғатты қорғау Бұлардың қай -қайсысы да біздің тіршілігіміздің қайнар көзі. Басты бағдары десек те артық айтқандық емес . Бірін – бірі толықтырып тұрған ұғымдар . Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес бүкіл әлемнің болашағы байлаулы деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» – ең маңыздысы . Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы әлемдегі кез – келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім – тәрбиеге , білімге , адамгершілікке үндейді. Болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азықты сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім- тәрбиенің адам өмірінен алатын орны ерекше (1). Атақты ғұлама ғалым әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берген білім адамзатты улайды» деген аталы сөзі бар. Осы тұрғыда келгенде, қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбайұлы өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді . Оңайдан қиынға қарай , жақынан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жіктейді . Қара сөздерге көңіл аударайық . Кім үшін болса да тәрбиелік мәні зор . Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды . Өйткені ғылым да , өнер де жастар үшін Абайдың « алтыншы, сегізінші, он бірінші » қара сөзінде білімге ұмтылуға бөгет жасайтын адамның мінездерін шенеуге арналады . «Алтыншы» қара сөзінде қазақ мақалдарының мән – мағынасын кеңінен талқыға салады . Өзің тірі болсаң да , көкірегің өлі болса , ақыл табуға сөз ұға алмайсың . Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың . Кеселді жалқау , қылжақбас , Әзір тамақ ,әзір ас , Сыртың – пысық , ішің – нас , Артын ойлап ұялмас , — болып жүріп тірімін деме , онан да Алла жіберген ақ бұйрықтың өлімнің өзі артық екенін ашып айтады . «Сегізінші» қара сөзінде болыс пен биді салыстыра отырып екеуінің ақыл тыңдайтын жағдайы жоқ , бар ойы биліктегілерге жазалы болып қаламыз ба , өзіміз шығынданып, шығынымызды толтыра аламыз ба? Деген ойлардан қолы тимейді. Көңілдері көкте, көздері аспанда ,адалдық, арамдық ақыл, ғылым ,білім – еш нәрсе малдан қымбат демейді . Мал болса бәрін паралап алуға болады дейді . Оның діні , құдайы , халқы , жұрты , ары, жақыны – бәрі мал . Сөзді қайтіп ұқсын , ұғайын десе де , қолы тие ме?Аналар анадай болып тұрғанда , білім , ғылым ,ақылды не қылсын ? Және де білім, ғылым кедейге керек жоқтай –ақ: «Бізді не қыласың ана сөзді ұғарлыққа айт !» дейді . Оның өзгемен ісі жоқ , соған қарағанда мұның да ешбір қайғысы , мұңы болмаса керек . «Он бірінші » қара сөзінде ұрлық пен бұзақылықтан тыйылып дұрыс жолға жүруді меңзеп көрсетеді . Осы бір ұры бұзақы жоғалса жұртқа ой да түсер еді. Шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын жоқтап, ел секілденіп талапқа , тілеуге кірісер еді . Енді жұрттың бәрі осы бүлік екі іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бәрі тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыюға болатын еді , бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын , азатұғын байларды кім тыяды? Қарап отырсақ, осы үш қара сөзінің өзі адамға терең ой салары хақ! Қорытындылай келе , біз ұлы ақынымыз А . Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен сөздерінің әлі күнге дейін өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған , тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық . Демек, бұл – ақынның халықпен бірге жасағандығы . Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас қазынасы . Иә,Абай поэзиясы – өзгеше өлең ,өзгеше өнер.Халқын сүйген қаламгерді біз арманына жеткен ақын десек қателеспейміз . Әр қазақта тәлім алар ғибратты сөздер көп болғай.